A+ R A-
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

Материалдық техникалық база

Coworking орталық

  1. Компьютер — 5 дана
  2. Телевизор — 1 штука
  3. Кітап жинайтын шкаф —2 дана
  4. Пуфиктар   — 17 дана
  5. 3D Принтер — 1 дана
  6. Аквариум — 1 дана
  7. Журналды стол —1 дана
  8. Стол — 5 дана
  9. Кілем 3*4 — 1 дана
  10. Сағат — 1 дана

0002

0005

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы «СҚО ПҚБАИ» жалпы аумағы 1872 шаршы метрді қамтитын ғимаратта орналасқан. Ол жерде 6 дәрісхана, 2 компьютер сыныбы, акт залы, конференц зал.

Оқу үдерісін материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету үшін заманауи техникалық оқу құралдарымен жабдықталған интерактивті құрылғылармен дәріс залдары, компьютер сыныптары орналасқан.

Барлық компьютер сыныптарында жаңа үлгідегі сұйық кристалды 19 дюймді мониторымен компьютерлер орналастырылған және Интернет желісіне қосылу арқылы локальды желіде біріктірілген. ПОҚ, қызметкерлер, институт тыңдаушылары Интернет қызметін тегін және уақыт шектеуінсіз пайдаланады. Wi-Fi желісіне еркін қолжетімділік бар.

Кабинеттерде сабақ өткізу үшін интерактивті тақталар, мультимедиялық проекторлар орналастырылған.

Институттың барлық бөлімшелері компьютерлермен, принтерлермен, аудио-бейне аппаратурамен жабдықталған.

Кітапхананың жалпы қоры 40 000 дана кітаптан тұрады. Әмбебап оқу залы 50 отырғызатын орыннан тұрады; интернетке қосылған 12 моноблокпен жабдықталған.

 

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДӘРІСХАНА САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Мамандандырылған дәрісхана ақпараттық, оқу, АКТ, сындарлы ойлау, релаксация белсенді аймақтарымен жабдықталған. Ол деңгейлік курстарды сапалы ұйымдастыру және сертификатталған мұғалімдердің кәсіби тәжірибелері мен сындарлы оқудағы жетістіктерін көрсету мақсатында ашылды.

 

М. МОНТЕССОРИ КАБИНЕТІ 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының Төрағасы  Г.К. Ахметованың бастамасы негізінде 2014ж 26 наурызында   СҚО бойынша ПҚБАИ  филиалында М.Монтессори кабинеті құрылды 

Бүгінгі күнге Мария Монтессори педагогикасы –  үйлесімсіз біріктірілген: еркіндік пен тәртіп,  еліктіргіш ойын және тиянақты жұмыс, бала дамуындағы аса қажетті әдістің бірі.

 

Кабинет классикалық Монтессори құралдарымен жабдықталған: мектепке дейінгі білім мекемелерінің педагогтардың біліктілікті арттыру үдерісінде, курсаралық дайындықта (әдіскерлік аттандыру, оқыту мен кеңес) қолданылатын үдетпелі ойыншыктар, қабырға модульдары мен ойын жабдықтары.

Курсты тыңдаушылар келесі үдетпелі орта түрлерімен айналысады:

  • Күнделікті өмірдегі жаттығулар — күнделікті өмірдегі заттарға қарау мен ұқыпты ұчтауды үйрететін құралдар.
  • Сенсорлық тәрбие — көлем, пішін аумағын танып білуге көмектесетін сезім органдарының дамуына арналған.
  • Математикалық орта — сан, сан құрамын, көбейту, бөлу, қосу, азайтуды түсіну үшін.
  • Орыс тілі ортасы — әріппен танысу, фонетика, сөзді түсіну мен жазу, сөдзік қорды байыту үшін.
  • Ғарыш ортасы  — адамың қоршаған ортадағы өорны мен өмірі, өсімдіктану, адамтану, жануартану, география, физика және астрономия негіздерімен танысу үшін.

Мария Монтессори әдістемені тиянақты әзірледі. Әрбіреуінде қазіргі педагогиканың уақытқа сай қадам басуының үлкен әлуеті бар. 

 

Кабинетте және институттың кітапхана қорында М.Монтессори педагогикалық жүйесін енгізуінің әдебиеттері мен оқулықтары бар.  СҚО бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ ПҚБАИ  филиалының кітапханалық қорын 250 – ден астам кітап пен журналдарқұрайды.

 

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» КАБИНЕТІ

Рухани-адамгершілік білім беру жемісі мақсат, принцип, міндет, мазмұнының бірлігі мен оқытуды жүзеге асыру шарттарына негізделген.

СҚО ПҚ БАИ-да  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрайымы Г.К. Ахметованың басшылығымен ізгілікті қарым-қатынасты орнатуға арналған «Өзін-өзі тану» кабинеті ашылды.  

Кабинет жас ұрпақты тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлін анықтауға,  өзіндік дамуына арналған талаптарды орындауға бағытталған. Атап айтқанда, заманауи жиһаздар, көрмелік кітап сөрелері, аудио-бейне апаратулар, планшеттер. «Өзін-өзі тану» кабинеті сүйіспеншілік, сенім, шығармашылық тұрғыдан және  ішкі жан дүниенің ашылуына жайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Кабинет заман талабына сай оқу материалдарын қамтитын мазмұндық стендтермен жабдықталған. Жеке компьютер бар.

Стенд мазмұны рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мәнін ашуға негізделген.

«Өзін-өзі тану» жаңа бағдарламасын жүзеге асыру мен педагогтардың өзіндік дамуына жағдай жасау үшін кабинетте «E-GuideLine «Өзін-өзі тану» сандық білім беру ресурсы құрылды.

Аталған сандық білім беру ресурсы Adobe Photoshop, Corel Draw, MS Office (Word, Excel, Power Point) бағдарламаларының көмегімен құрылды. Сандық білім беру ресурсының интерфейсі динамикалық нысандардағы электронды катализаторлардан тұрады(кнопкалар, белсенді мәтіндік аймақтар, медиа-контент).

Сандық білім беру ресурсы «Өзін-өзі тану» курсының мазмұнын айқындап, келесі компоненттерді қамтиды:

- нормативті құжаттар;

- дәріс материалдары;

- дидактикалық материалдар;

- бейне, аудио материалдары;

- өсиетнама мәтіндері, әңгіме үзінділері, дәйексөздер;

- эссе материалдары;

- ірі тұлғалар өмірінен мәліметтер.

 

CПОРТ БҰРЫШЫ

Филиал холында қызметкерлер мен курс тыңдаушылары үшін күшейткіш қабілеттерін дамытудың құралы болып табылатын әмбебап швед қабырғаларымен және қазіргі заманғы «Турник брусья – пресс 3 в 1 улучшенный» турникпен (шведция қабырғасы) жабдықталған спорт бұрышы орныққан.

01155

 

АҚПАРАТТЫҚ АЙМАҚ

Филиалдың холдарында төрт ақпараттық аймақ орналасқан, онда 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасында және әлемде білім мен ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ақпарат мониторларда ұсынылған.

 

 

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН ОҚЫТУ АУДИТОРИЯСЫ

2019 жылдың 5 маусым күні «Өрлеу»  БАҰО» АҚФ «СҚО бойынша ПҚ БАИ» латын графикасына оқыту аудиториясы ашылды. Латын графикасы - халқымыздың жаңа дәуірлік кезеңге көшу және  жаңа ақпараттық кеңістікке шығу мақсатындағы іргелі бетбұрысы болып отыр. Латын графикасына оқыту аудиториясын ашу идеясы – Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің2018 жылғы «13» наурыздағы№ 27 өкіміменбекітілген 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру.

Латын графикасына оқыту аудиториясында  кітап көрмесі, құжаттар бойынша ақпараттық аймақ, іс-шаралар  фотоколлажы, латын тілінде жазылған электронды жинақтар мен  құжаттар туралы ақпараттар, стенд безендірілген.

latinica

БИОЛОГИЯ, ФИЗИКА, ХИМИЯ КАБИНЕТІ

2011 жылы бір үлкен дәрісхана құрып химия, физика және биология кабинеттері алынды. Көрсетім, оқушылардың тәжірибелерін, табиғи нысандарды, заманауи ақпараттық технология құралдарын –мультимедиялық сандық подиум, баспа, экрандық-дауыстық құралдар, әр түрлі қосалқы құаралдарды қойылымдауға арналған арнайы модельдер, құралдар және жинақтар кабинет жинағына кіреді.

Оқу-әдістемелік құралдарды, кітаптарды, көрнекі құралдарды басып шығару үшін институтта қажетті құрылғымен жабдықталған Konica Minolta bizhub 6000L шағын типография қызмет етеді.  

Филиал қызметкерлері TOYOTA HAICE шағын автобусымен және TOYOTA COASTER автобусымен  облысымыздың алыс аудандарына барып ауыл мектептерінің негізінде конференция, семинар, жылжымалы практикалық  сабақтар өткізу мүмкіндігін алды. Сонымен қатар институтта  SKODA-OCTAVIA жеңіл көлігі бар. Барлық автокөлік 2013 жылы шығарылған. 

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІ КАБИНЕТІ

Ағылшын тілі пәнді оқығанда жағымды көңіл күйде өту үшін кабинетінің безендірілуі өз рөлін атқарады. Өйткені ағылшын тілі сабағы – басқа елге саяхат жасауынша болып келеді, ал кабинет кішігірім шет ел. Кабинеттің безендірілуіне неғұрлым күш салынса, соғұрлым оқушыларға шет тілді меңгеруге жеңіл болып келеді.  Кабинет көрнекі құралдармен, плакаттармен, суреттермен, мазмұнды стендтермен безендірілген. Осындай әдістеме тыңдарманың бойында шығармашылық мүмкіндіктерді дамытады. Жасанды жағдайларда шет тілін оқығанда берілген мемлекеттің рухын жеткізу өте маңызды.   

Кабинетте «Мәңгілік ел» мен «Ұлт жоспары «100 нақты қадам» идеялар салынған ақапараттық аймақтар бар және ол курс тақырыбымен сәйкес жаңартылады. 

Ерекше қызығушылықты әрдайым жаңартылатын «Essential tips for teaching English» стенді тудырады, ол арқылы мұғалімдер ағылшын тілі оқытудағы әдістемелік ұсыныстармен бөліседі. 

Оқытушының жұмыс орны жаңа техникалық құралдармен безендірілген: компьютер, мультимедялық проектор, интербелсенді тақта, принтер. Сонымен қатар оқытушының қолданыста Қазақстан Республикасының білім және Ғылым Министрлігімен бекітілген  ұлттық пен шет елдік кітаптардан тұратын кітап сөрелер. Сонымен қатар аға оқытушының А.Б. Касенованың  АҚШ-та тағылымдамадан өткен кезіндегі сыйға алынған кітаптар ерекше құндылықтарға ие. 

Air Jordan 1 Retro High OG UNC Patent Shoes Best Price CD0461-401 – Buy Best Price Adidas&Nike Sport Sneakers

Scroll to Top