A+ R A-
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН "ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДУЭТ" КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ПЕН ТИІМДІ ТӘЛІМГЕРЛІК ИМИДЖІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауының стратегиялық аспектісі білім беру сапасын арттыру міндеті болып табылады.

Ұрпақ ауысуында өмірдің мәні бар. Бұл, шын мәнінде, өмір заңы. Бірақ біздің міндетіміз-жаңа ұрпақты алдағы қиындықтарға және сын-қатерлерге дайындау. - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 16 тамыздағы «Bіlіm jáne Ǵylym!» тамыз конференциясы пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен. 

Өңірлер әкімдеріне облыстардың мектептеріне үздік менеджерлер мен педагогтерді тартуға гранттар бөлуді қамтамасыз етуді тапсырамын. - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 16 тамыздағы «Bіlіm jáne Ǵylym!» тамыз конференциясы пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен.

 Конкурстың өзектілігі - жас мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, Солтүстік Қазақстан облысының педагогтері арасында тәлімгерлік институтын нығайту, педагог мәртебесін арттыру.

I. Конкурстың мақсаты мен міндеті

1.1. Конкурстың мақсаты - тәлімгерліктің тиімді педагогикалық тәжірибесін анықтау және имидждеу, жас мамандардың шығармашылық бастамасы мен жаңашылдығын ынталандыру, педагогикалық сабақтастық, ішкікорпоративтік кәсіби өзара іс-қимыл, заманауи маман туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру.

1.2. Міндеті:

- креативті педагогикалық идеяларды анықтау, талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді қолдау;

- білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтің кәсіби-тұлғалық дамуын сүйемелдеу, мұғалім мамандығының беделін арттыру және нығайту;

- жас мамандармен тәлімгерлердің жұмыс тәжірибесін тарату.

II. Конкурсқа қатысушылар

Конкурсқа қатысуға 5 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жалпы білім беретін мектептері, мектеп-интернаттары, ТжКБ ұйымдары, қосымша білім беру және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары педагог-тәлімгерлері мен жас мамандары шақырылады.

III Конкурс өткізудің мерзімі, тәртібі және регламенті

  1. 1.   Конкурстың жұмыс тілдері: қазақ, орыс. Басқа тілдерде жіберілген жұмыстар қаралмайды.
    1. 2.   Байқау екі кезеңде өткізіледі:

 

Бірінші (сырттай) кезең Педагогикалық дуэттер "Performance: педагогикалық дуэттің фирмалық рецепті". Осы кезеңді өткізу кезінде қатысушылар үміткердің өтінішін, (3 минутқа дейін), телефонға түсірілген және Whаtsap пайдалану арқылы жіберілген ролик, педагог-тәлімгердің және жас маманның кәсіби өзара іс-қимылының идеясын көрсететін жарнамалық тұсаукесер дуэтін ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі-комитет) ұсынып, (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.) электрондық поштасына 2019 жылғы 07 қазанға дейін жіберуі қажет.

Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген роликтер байқауға қатыса алмайды.

Сюжеттің әртүрлілігі шектелмеген, стандартты емес және түпнұсқа көзқарасы құпталады.

Екінші (сырттай) кезеңпедагогикалық дуэттердің материалдарын конкурстық іріктеу – 2019 жылдың 08-11 қазан аралығында.

Конкурсты ұйымдастырушылар материалдарды бағалайды және үздік жұмыстарды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.

Үшінші (іштей) кезең – қорытынды23 қазан 2019 жыл.

- 1 тур «Кәсіби табыстың фирмалық рецепті»

ІІ турдың қорытындысы бойынша қатысушылар қазылар алқасына педагог-тәлімгер мен жас маманның табысты өзара іс-қимылының фирмалық рецептің креативті түрде ұсынады.

- 2 тур «Педагогикалық квест»

Педагогикалық дуэттер ХХІ ғасырдың дағдылары талап етілетін ойын элементтерімен проблемалық тапсырмаларды шешеді.

- 3 тур «Екі жұлдыз»

Педагогикалық дуэттер көркем-музыкалық нөмір түрінде шығармашылық қабілеттерін көрсетеді (конкурсқа қатысушылардың өнер көрсетуі 5 минутқа дейін).

IV. Іріктеу критерийлері

1. Ұсынылған материалдардың конкурс мақсаттарына, міндеттері мен тақырыбына сәйкестігі;

2.  Педагогикалық дуэттер тәжірибесінде білім беру мазмұнын, білім беру инновациялық технологияларын жаңарту жағдайында ұсынылған тиімді тәжірибе материалдарында көрсету;

3.  Жаңашылдық, бірегейлік, креативтілік, кәсіби табысқа және өзін тұлға ретінде фирмалық рецепт ұсынуда стандартты емес тәсіл;

4.  Сын тұрғысынан ойлау, ынтымақтастық, мәселелерді шешу, көшбасшылығын көрсете білуі.

V. Конкурс жеңімпаздарын анықтау тәртібі

Конкурстың ІІІ кезеңінің барлық қатысушылары қатысу сертификаттарын алады. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Байланыс деректері:

Өтінімдер (№ 1 қосымша) - электрондық мекен-жайға This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Шағын-бейнелерді ұйымдастырушыларға WhatsApp-ты пайдалана отырып, 8-707-1505305, 8-705-1909060 нөмірлерінің біріне конкурсанттың (Конкурсанттардың) АЖТ көрсетіп жіберу.

Анықтама телефондары: 8(7152) 50-31-03, 8-707-1505305, 8-705-1909060.

Air Jordan 1 Retro High OG Wmns "Panda" CD0461-007 Women/Men Super Deals, Price: $98.03 - Air Jordan Shoes
Scroll to Top