A+ R A-
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

«ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК» ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелері, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық «Жүзден жүйрік» байқауын өткізеді. 

Байқауға педагогтердің  кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында  Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» халыққа арналған Жолдауы және бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы»   туралы Республикалық конкурсы негізінде пәнді оқытудың ерекшелігі, білім беруді дамытып, озық педагогикалық  практикаларға  қолжетімділікті қамтамасыз етуге және педагогтердің кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерінің өсуіне ықпал етті.Air Jordan 1 Retro High OG Wmns "Panda" CD0461-007 Women/Men Super Deals, Price: $98.03 - Air Jordan Shoes

Байқаудың жетекші идеясы – мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелері, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін шыңдау және білім беру мазмұнын жаңарту жүйесін жүзеге асыру.

Байқаудың өткізілу  мазмұны:      

Байқау 2 кезеңде өткізіледі:

  1  іріктеу кезеңі (сырттай)

  2  кезең – 15 қараша 2019ж.

I Байқаудың мақсаты мен міндеттері

1.2 Байқаудың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін кәсіби шеберліктерін жетілдіруге ынталандыру және озық тәжірибелерді таратуға ықпал ету.  

Міндеттері:

  - білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру;

- білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған кәсіби тәжірибелерін дамыту.

II Үміткерлерді ұсыну тәртібіне қажетті құжаттар

2.1 «ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК» облыстық байқауына мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелері, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен қатысуға ниет білдірген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатыса алады. Еңбек өтілі, біліктілік санаты, оқыту тіліне қарай ешқандай шектеу болмайды.

2.2 Аудандық (қалалық) ББ, білім беру ұйымдарынан облыстық кезеңге қатыса алады:

- мектепке дейінгі мекеме мұғалімдері;

- жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері;

-  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мұғалімдері.

2.3 Облыстық байқау  2 кезеңде өткізіледі: сырттай және күндізгі. Аудандық (қалалық) ББ, білім беру ұйымдары немесе үміткер өзі  байқауға қатысу үшін сырттай кезеңнің тапсырмаларын 2019 жылдың 02-30.10. аралығында Петропавл қ., Труд  көш. 36, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» (каб. № 308) тел. 8 (7152) 502420, эл. мекенжай:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. төмендегі  құжаттарды  электронды нұсқада жіберуіңізді  өтінеміз. 

2.5 2019 жылдың 31  қазаны күні  күндізгі кезеңге қатысушылар тізімі аудандық (қалалық) білім бөліміне жіберіледі. Байқаудың сырттай кезеңінен өткен мұғалімдер күндізгі кезеңге қатысуға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  «СҚО бойынша ПҚ БАИ»-на шақырылады.

III Байқауды өткізудің тәртібі мен мерзімі

3.1 Байқау «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» - да өткізіледі.

3.2 Байқау 2 кезеңде өткізіледі:

1-кезең (сырттай) - 2019 жылдың 01-30.10 аралығында өтеді. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы қарайды. Қатысушылардан түскен материалдар сараптама комиссиясының сараптауынан өтеді, байқау критерийлеріне жауап беретін жұмыстар байқаудың күндізгі кезеңіне қатысу үшін жолдама алады.

I тур тапсырмалары (сырттай)

Эссе. Мен осы мамандыққа лайықтымын  (250 сөз)

2-кезең (күндізгі)  - 2019 жылдың 15 қарашасында сағат 10.00-де «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» - да өткізіледі.

II тур тапсырмалары:

Педагогтердің құзыреттіліктерін анықтауға бағытталған тест сұрақтары   (20 сұрақ)  (20 минут)  (Қосымша 2);

«Қабылдаушы педагогтен шығармашыл тұрғыда ойлайтын педагог»(өзінің педагогикалық қызметі бойынша түйінді ойды келтіру)  (оқыту тәжірибесіндегі инновациялық  технологиялық төңірегінде 3 нақты  тәсілді  келтіру)

(Қосымша 3).

IV Байқауды өткізу мен ұйымдастыруға жетекшілік жасау

4.1 Байқаудың дайындығы мен өткізілуін  ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады, оның  құрамы СҚО ПҚ БАИ директорының бұйрығымен бекітіледі.

4.2 Ұйымдастыру комитеті облыстық байқаудың мерзімі мен өткізу жобасын бекітеді және байқаудың сырттай және күндізгі кезеңін өткізеді.

4.3 Қазылар алқасы құрамы,сараптама комиссиясының жұмыс тәртібі ұйымдастыру комитетімен анықталады және СҚО ПҚ БАИ директорының бұйрығымен бекітіледі.

4.4 Ұйымдастыру комитеті:

-  байқауға дайындық жоспарын құрастырады;

-  байқаудың бағдарламасын құрастырады;

- байқаудың бағалау критерийлерін өңдейді, бағалау парақтарын дайындайды;

-  байқаудың қазылар алқасын құрып, олардың жұмысын қамтамасыз етеді;

-  байқау материалдары мен тапсырыстарын жинақтайды;

- қазылар алқасы құрамымен бірге байқаудың күндізгі бөліміне қатысушыларды анықтайды;

- байқау жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады.

V Байқаудың қазылар алқасы жұмысы реті және құрамы

5.1 Сараптама комиссиясы сырттай кезеңнің материалдарының бағалауын жүргізеді,  ұйымдастыру комитеті бекіткен критерийге сәйкес жүргізеді.

5.2 Қазылар алқасы байқаудың сырттай және күндізгі кезең байқау тексерісінің соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. Қазылар алқасының жұмысын байқаудың ұйымдастыру комитеті мүшесі ұйымдастырады.

5.3 Қазылар алқасы құрамы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филалының ПОҚ, мамандар, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары, педагогикалық ұйымдардың өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, ЖОО-ның оқытушыларынан тұрады.

5.4 Қазылар алқасының шешімі хаттамада толтырылып, байқаудың ұйымдастыру комитетіне тапсырылады.

 

VI Байқау бағалауының критерийлері

6.1 Байқау қатысушыларының қызметін сараптама комиссиясы, қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалайды:

Байқау материалдарының бағасы (сырттай кезең)

Эссе. Мен осы мамандыққа лайықтымын. (250 сөз)

Бағалау критерийлері:

-           идеяның мазмұндылығы, тұжырымдауы, ой-қорытуы, ақпарат көздерінің алуантүрлілігі, эссе пәнін субьективті бағалаудың болуы;

-           саралау мен салыстырмалы әдісті қолданып, пікір қалыптастыру;

-           жұмыстың өздігінен орындалуы, түсінуді анықтаудың балама көзқарасы;

-           жұмыстың иллюстрациясы немесе әлеуметтік сұрақ-жауабы, рәсімделуі;

-           жалпы мәдениеті, өресі.

 

(Байқаудың екінші кезеңіне 12 ұпайдан жоғары алған үміткерлер қатыса алады)

 

Күндізгі кезең тапсырмалары:

1 – тапсырма:

Педагогтердің құзыреттіліктерін анықтауға бағытталған тест сұрақтары   (20 сұрақ)  (20 минут) 

2 – тапсырма: «Қабылдаушы педагогтен шығармашыл тұрғыда ойлайтын педагог» (өзінің педагогикалық қызметі бойынша түйінді ойды және оқыту тәжірибесіндегі инновациялық  технологиялық төңірегінде 3 нақты  тәсілді  келтіру)

 

VII МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ БАЙҚАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

7.1 Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлер және номинация бойынша анықталады.

7.2 Жеңімпаз I дәрежелі дипломмен, жүлдегерлер II, III дәрежелі дипломмен марапатталады.

7.3 Байқауға қатысушылар «Жаңашыл мұғалім», «Шебер мұғалім», «Креативті мұғалім», «Тіл шебері» номинациялары бойынша грамотамен марапатталады.

7.4 Байқау нәтижесі бойынша қатысушылардың үздік жұмыстары «Өрлеу» БАҰО» АҚ «СҚО ПҚ БАИ» сайтында жарияланады.

Байқау  жұмысына қосымша сауалнаманы міндетті түрде толтыру

 

  1. 1.      Жалпы мәлімет

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Туған күні( күні, айы, жылы)

 

  1. 2.      Жұмысы

Қызметі

 

Жұмыс орны

 

Ауданы

 

Педагогикалық өтілі

 

Біліктілік санаты

 

  1. 3.      Білімі

Бітірген ЖОО, жылы, факультет

 

Ғылыми атағы, дәрежесі

 

4.         Біліктілік арттыруы

Облыстық курстар

 

Республикалық курстар

 

                       5.        Байланыс

Ұялы телефоны

 

Жеке электронды поштасы

 

Қосымша 1

Сырттай кезең:   Эссе. Мен осы мамандыққа лайықтымын. (250 сөз)

Бағалау критерийлері:

 

-           идеяның мазмұндылығы, тұжырымдауы, ой-қорытуы, ақпарат көздерінің алуантүрлілігі, эссе пәнін субьективті бағалаудың болуы;

-           саралау мен салыстырмалы әдісті қолданып, пікір қалыптастыру;

-           жұмыстың өздігінен орындалуы, түсінуді анықтаудың балама көзқарасы;

-           жұмыстың иллюстрациясы немесе әлеуметтік сұрақ-жауабы, рәсімделуі;

-           жалпы мәдениеті, өресі.

Қосымша 2

Қатысушылардың пәндік және әдістемелік тұрғыдан біліктіліктерін анықтауға арналған тест тапсырмалары  (уақыты 20 минут)

Қосымша 3

«Қабылдаушы педагогтен шығармашыл тұрғыда ойлайтын педагог» (өзінің педагогикалық қызметі бойынша түйінді ойды келтіру)  (оқыту тәжірибесіндегі инновациялық  технологиялық төңірегінде 3 нақты  тәсілді  келтіру) -уақыты 3 минут.

Бағалау критерийлері:

-          ұсынылған түйінді ойдың жаңашылдығы;

-          дәлелдемелердің нақты ұсынылуы;

-          материалдың тәжірибеге бағытталғандығы;

-          материалдың әдістемелік құндылығы;

-          белгіленген уақыт ішінде ойды жеткізу алуы.

Scroll to Top