A+ R A-
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

«Болашағы мол бастауыш мектеп» әдістемелік әзірлемелер облыстық қашықтық байқауының ЕРЕЖЕСІ

         Осы Ереже төменгі сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін және оның қатысушыларға, Байқауға берілетін материалдарға талаптарды анықтайды. Берілетін материалдарды және қатысушы талаптарын бекітеді, жеңімпаздарды анықтау және оларды марапаттау тәртібін реттейді.

Осы Ереже Байқау қатысушыларының материалдарының (әдістемелеік әзірлемелерінің) мазмұнына, құрылымына және рәсімделу талаптарын белгілейді. Материалдар (әдістемелік әзірлемелер, құралдар, СБР (сандық білімдік ресурс), бейнесабақтар) төменгі сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру үшін қолданатын оқу әдістерін, құралдарын, түрлерін, заманауи педагогикалық технологияларды толық ашу қажет.

Қашықтық байқау  ережесі мына нормативтік құжаттарға негізделген:

1) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», 02 қыркүйек 2019 жыл;

2) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27 шілде 2007 жыл №319-III. (19.04.2019 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); 

3) Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар еңгізу туралы заңы. (4 шілде 2018 жыл №172-VI);

4)      Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы, № 205 Жарлығы;

5) «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы ( № 827 12.12.2017 ҚР Үкімет Қаулысы )

6) Бастауыш білім берудің жалпыға міндетті стандарты: құрылымы, мазмұны («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2015 жылғы  25 сәуірдегі, №327 Қаулысы, және  2017 жылғы 15 тамыздағы, № 484); 

7)      Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасы, 2016 ж.

Әдістемелік әзірлеме жеке немесе ұжымдық жұмыс болуы мүмкін.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік әзірлемелер байқауы бастауыш мектепті дамыту басым бағыттары бойынша үздік әдістемелік әзірлемелерін анықтауға бағытталған:

- жаңартылған білім беру бағдарламаны енгізуіне жәрдемдесу;

-педагогикалық технологияларды қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

- повышение информационно-коммуникационной и технологической компетентности педагогов в едином информационно-образовательном пространстве;

- үш тілдік білім беру саясатын орындау.

2.Байқаудың мақсаты және міндеті:

Мақсаты:

- жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасын ендіру аясында педагогтердің педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату үшін шығарамашыл, зерттеушілік, кәсіби күш қуатын белсендету.

Байқау міндеттері:

  • Үздік педагогикалық тәжірибеге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • бастауыш сынып мұғалімінің мәртебесін арттыруына, оның кәсіби өзінің тұрақтануына қолдау жасау;
  • бастауыш сынып оқушыларының жоба мәдениетін дамыту, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің тиімді тәжірибесін анықтау;
  • жаңартылған бастауыш білім беру бойынша үздік бейне-сабақ, СБР, құралдардың банкісін құру.

 

3. Байқау қатысушылары

Байқауға өз еркімен және тең құқылы негізде жеке қатысушылар және шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

Жеке әдістемелік әзірлемелерді бастауыш сынып мұғалімдері немесе бастауыш білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін әдіскерлер ұсынады.

Ұжымдық әзірлемелерді құрамына мектеп әкімшілігі, педагогтар кіретін шығармашылық ұжымдар ұсынады. Шығармашылық ұжым саны -2-ден 5 адамға дейін. Егер  Байқауға шығармашылық ұжымдары қатысатын болса, олардың бір жетекшісі болу керек.  

4.     Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

Байқауды ұйымдастыру және өткізуді Ұйымдастыру комитеті іске асырады (№ 1 қосымша).

Байқау материалдарының сараптамасын байқау комиссиясы іске асырады (№ 2 қосымша).

Байқау материалдары «Өрлеу» АҚ филиалы  СҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасына  мына мекен жай бойынша: Труда 36, кабинет №206, (эл.адрес This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..). баспа және электронды түрде тапсырылады.

Жұмыстар 2019 жылдың 3 қарашасына дейін қабылданады. Материалдың сараптамасы 2019 жылғы қарашаның 4-07 аралығында өткізіледі. Байқау нәтижелері «БАҰО «СҚО ПҚБАИ «Өрлеу» АҚ  филиалы сайтында (www.ipksko.kz) 2019 жылы  7 қарашада жарияланады.

5.    Байқау материалдарының талаптары

5.1 Әдістемелік әзірлемелер классификациясы

Бақылау – өлшегіш материалдары- қойылған мақсаттарға қатысты оқу қызметіндегі заманауи педагогикалық  технологияларды қолдану нәтижесін өлшеу және бағалай алатын, бақылау және тест жұмыстарының жүйесі. Бұл материалдармен бірге  педагогикалық мақсаттар мен міндеттерге жету деңгейін өлшеу әдісі (тәсілдер) Блум таксономиясы бойынша  жазылған сипаттама болу керек.

Бейне сабақтар– ҚР МЖБС (пәндік, метапәндік, жеке) талаптарына сәйкес  нәтижелерді бағалау  тәсілдері мен сабақ жүргізу  әдісін ерекше ашатын  және оқытудағы қызметтік-жүйе тәсілі талаптарына сай сабақтардың бейнематериалдары.

Әдістемелік құралдар- оқыту мен тәрбие технологияларын, оқу материалын демонстрациялық практикалық мүмкіндігін қолдануда , педагогке арналған, оқу бағдарламасының бір немесе бірнеше бөлім тақырыптарын оқыту әдістемесін ашатын материалдар

Бастауыш білім беру пәндері бойынша Сандық білім беру ресурстары.

         Бастауышта оқыту педагогі үшін АҚТ құралдарын пайдалану мүмкіндіктерін ашу мақсатында арналған материалдар.

5.2.Берілген талаптарына сәйкес байқау материалдарын ресімдеу

Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік әзірлемелерінің берілген мазмұны:

- құзыретті бағытты қалыптастыруға

- сабақ тақырыптары (ҚР МЖБС мазмұнына,оқу жоспары мен бағдарламаларға);

- мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге сәйкес болу керек.

5.2.1 Бастауыш сынып оқушыларына арналған шығармашылық тапсырмалар жүйесі мазмұнының талаптары:

- тапсырмаларды құру кіріктірілген  негізінде құрылады;

- сұрау бойынша рационалды кезегін есепке ала отырып тапсырмаларды таңдау жүргізіледі: репродуктивтіден, бар білімін маңыздылығы үшін бағытталған, жартылай–ізденуге,танымдық қызметінің жалпылама тәсілдерін меңгеруге бағытталған , шығармашылыққа-ал содан кейін, зерттеп жатқан құбылысты жан жақты қарастыра алуға болатын ;

- шығармашыл тапсырмалар жүйесі ойлау қасиетін дамытуға бағытталған болу керек;

- шешудің әртүрлі тәсілдер мүмкіндігі;

- тапсырмалар саралау мен оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;

5.2.2 Бақылау-өлшеу материалдары мазмұнының  талаптары

Материалдарда әртүрлі деңгейлік тест және бақылау тапсырмалары, терминологияны түсініп және жұмыс істей алуға бағытталған логикалық тапсырмалар  жүйесі, сонымен қатар  мониторинг қорытындылары мен күтілетін нәтижелер болу керек.

Өлшеу-бақылау материалдарының құрылымы:

- түсініктеме хат;

- сабақтар тақырыбы көрсетілген материал мазмұны, ҚР МЖБС сәйкес бағдарлама мен оқу жоспары;

- пән бойынша оқу материалдар тізіміне сілтеме;

- бақылау және тест тапсырмалары;

- бағалау критерийлері.

5.2.3 Бейнесабақтар талаптары

Бейнесабақ конспектісі –  бұл белгілі бір тақырып бойынша сабақ материалын кезекпен баяндау (осы пән бойынша қайталамау, үй жұмысынсыз және тағы басқа)  электронды түрде.

Бейнесабақ мазмұны:

- алғысөз (нақты сабақ тақырыбына кіріспе), әдіс-тәсілдердің тиімділігі жөнінде педагогтердің пікірлері;

-сабақ кезеңдерінің  логикалық байланысуы;

- Критериалды бағалаудың басымдылықтары туралы педагогтердің ой-толғамы, пікірлері (ҚБ қолданудың мысалдары);

- нақты сабақ тақырыбы бойынша қорытынды;

5.2.4 Әдістемелік әзірлемелерге талаптар

Әдістемелік әзірлемелерде оқыту әдістемесі немесе оқу пәнін (оның бөлімі, тарауы бойынша) оқыту   бойынша  материалдар болу керек  және практикалық жұмыстың әртүрлі практикалық формаларын орындау әдістемесі.

Сайыс материалына қосымша: медиа және мультимедиа компоненттер.

5.2.5 Бастауыш білім беру пәндері бойынша Сандық білім беру ресурстарына  қойылған талаптар:  

СББР мазмұнында (бейнефайлдар, тренажерлар, флешбейнелер және т.б.) :

- СББР қолдану пәндік бағыты (пән, сынып, тақырып)  немесе автордың ұсынылуымен пайдаланудың вариативтілігі;

- білім беру жүйесінде СББР іске асыратын бағыты (бейнелелік, зерттеу, тренингтік, байқаулық және басқа бағыттар) қамтылу тиіс.

5.3 Әдістемелік әзірлеменің техникалық талаптары

Байқаудың барлық материалдары баспа және электронды түрде тапсырылады. Автордың аты-жөні, пәні, сыныбы толық жазылу қажет. MS Word  дайындалған материалдар форматы (сабақтың мәтіндік әзірлемесі): парақ форматы А4, 1,5 см кем емес, мәтіндік материал –шрифт 12,Times New Roman, түсі қара, жол арасындағы интервал жалаң. Тақырыбы қою шрифтпен белгілену қажет, шрифт көлемі 14, Times New Roman болу қажет.

Компонент мультимедиясы келесі форматтардың бірінде орындалады: doc, xls, pdf, html, jpg, gif, flash, mp3, mpeg4, exe.

Байқау материалдарының жоғарыда айтылған талаптарына  сәйкессіздігі жағдайында Байқау ұйымдастырушылары материал авторына ескерте отырып, байқауда қатысудан материалдарды алып тастауға құқылы. Материалдар авторын СҚО бойынша ПҚ БАИ сайтында (http://ipksko.kz/)

ақпаратты жариялап хабарлау.

Байқау жұмыстары авторлық болу керек, байқаудың жеке қатысушынікі немесе шығармашылық ұжымның жұмысы болу керек.  Байқау жұмыстары плагиат тексеруден өтеді.

6. Әдістемелік әзірлеменің бағалау критерийлері

1. Бастауыш жалпы білім ҚР МЖБС орындау аясында педагогтердің жұмысын жетілдіру үшін өңделген ойлардың маңыздылығы:

- маңыздылығы мен жаңашылдығы;

- байқау мақсаты мен міндетіне сәйкестілігі.

2. Материалдың әдістемелік безендіру мәдениеті:

- ҚР МЖБС жалпы білім әдіснаманың мазмұнына сәйкестілігі;

- әзірлемелердің жан-жақтылығы ;

- жаңашыл білімдік, соның ішінде, АКТ-технологиялары, оқытудың  белсенді әдістемелерін қолдану;

- педагогикалық мақсаттылық (мақсаттар, міндеттер, формалардың сәйкестілігі)

- графиканың, аудионың, видеоның және  т.б. қолданудың нақтылығы;

- ақпараттық көлемнің жүйелілігі ( мәтін және бейнелелер);

- графикалық  обьектілердің сапасы.

3. Мәселелерді шешудегі өз көзқарасы:

- автордың шығармашылық  тәсілі;

- стандартты емес педагогикалық тәсілдер мен әдістерді қолдану.

4. Берілген материалдың практикалық маңыздылығы:

-  бастауыш мектепте ҚР МЖБС  мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін берілген материалдың практикалық маңыздылығы;

- білім беру үрдісінде қолдану мүмкіндігі;

- әзірлеменің бақылдаудағы практикалық нәтижесі (ондай болған жағдайда).

7.Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау

         Байқай қорытындысы қазылар алқасы  қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай  шығарады.  Байқау  нәтижесі бойынша  І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен  марапатталады. 

  

«Болашағы мол бастауыш мектеп» әдістемелік әзірлемелер облыстық қашықтық байқауын ұйымдастыру мен өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің ҚҰРАМЫ

   Ахметова Асем Едильжановна – «Өрлеу» БАҰО АҚ СҚО ПҚ БАИ «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасы меңгерушісінің м.а.;

Жамантаева Карашаш Калшеновна – магистр, «Өрлеу» БАҰО АҚ СҚО ПҚ БАИ «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы;

    Ильясова Акмарал Шатиковна – магистр, «Өрлеу» БАҰО АҚ СҚО ПҚ БАИ «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы;

   Даулетова Дарига Оразаевна -   «Өрлеу» БАҰО АҚ СҚО ПҚ БАИ «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы.  

«Болашағы мол бастауыш мектеп» әдістемелік әзірлемелер облыстық қашықтық байқауының байқаулық комиссиясы

Мурзалинова Алма Жакимовна – п.ғ.д., профессор, «Өрлеу» БАҰО АҚ СҚО ПҚ БАИ филиал директоры

Ахметова Асем Едильжановна – «Өрлеу» БАҰО АҚ СҚО ПҚ БАИ «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасы меңгерушісінің м.а.;

Саржанова Айнагуль Николаевна  –  М.Қозыбаев ат.СҚМУ «Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру»  кафедрасы аға оқытушысы, п.ғ.к.;

Жунусова Айгуль Зикеновна -«Өрлеу» БАҰО АҚ СҚО ПҚ БАИ «Курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу» зертханасы жетекшісі

Турсунбеков Алмаз Жомартович – «Өрлеу» БАҰО АҚ СҚО ПҚ БАИ «Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет» бөлімінің IT маманы;

Камбаров Нурсултан Багланович – «Өрлеу» БАҰО АҚ СҚО ПҚ БАИ «Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет» бөлімнің бас маманы;

Ильясова Акмарал Шатиковна – магистр, «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы;

Жамантаева Карашаш Калшеновна - магистр, «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы;

Даулетова  Дарига Оразаевна -   «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы.

Купить Женские кроссовки Nike Air Jordan 1 (черный-красный-белый) g02800
Scroll to Top