A+ R A-
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты «Әл-Фараби мұрасы және Рухани жаңғыру жолындағы Қазақстан» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқудың ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

1.1. Іс-шара түрі: білім берудегі  кәсіби жоғары деңгейдегі педагогтер, докторанттар, аспиранттар, ізденушілер және орта білім беру  ұйымдары педагогтері, әдіскерлер,  техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері пән мұғалімдері үшін интернет желісінде бейне арқылы қарым-қатынас түрінде онлайн режимінде облыстық педагогикалық оқу  өткізеді.

1.2.Өткізу мерзімі – 18.06.2020 жыл, өткізу уақыты: 14.00-15.30

1.3. Ұйымдастырушы: «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ»

2. Облыстық онлайн педагогикалық оқудың өзектілігі

 

Әл-Фараби шығармашылығы – әлем мәдениетінің жарқын белесі. Оның ғылыми білімнің дамуына қосқан үлесі шексіз. Ойшылдың шығармашылығының сан қырлылығы, оның ғылымның әр саласындағы қарастырған мәселелері өсіп келе жатқан ұрпақтың әл-Фараби мұрасына деген қызығушылығын тоқтатпайды.

2020 жылы туғанына 1150 жыл толғалы отырған дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын, тарихы мен тағылымын, маңызын өскелең ұрпаққа ашып көрсете отырып, Әл-Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ үшін өнеге екенін насихаттау туындап отыр.

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді» деген тұжырымды ойы жатыр.

Адамзаттың ұлы ұстазы, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани, ғылыми мұрасын насихаттау және оның шығармашылық, ғылыми мұрасына халықтың және жұртшылықтың назарын аудару.

Әл-Фараби Аристотельден кейінгі дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым, астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғаттану, социология, лингвистика, поэзия, риторика, философия ғылымдарын меңгеріп, 200-ге жуық трактаттар жазған.

Бүгінгі әдебиет – өткен заманғы әдебиеттің рухани жалғасы. Сол себепті біз әл-Фарабидің көпқырлы мұраларын зерттеп, әлем тарихындағы оның рөлін айқындау  мен  заманауи білім жүйесінің  дамуына ықпал ету.

 

3. Облыстық онлайн педагогикалық оқудың мақсаты мен міндеттері

 

Мақсаты - Әл-Фарабидің ғылыми мұрасының көпқырлы қызметі мен әлемнің тұрақты даму идеясын ғылыми тұрғыда әл-Фараби мұраларындағы гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласында қарастыру.

Міндеттері:

 

¾   әл-Фараби философиясының адамгершілік құндылығын, философиялық-эстетикалық және қазақстандық қоғамның құндылық парадигмасын қалыптастыру үшін анықтау;

¾   білім беру ұйымдарындағы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын қолдау аясында фарабитану, әл-Фарабидің ғылыми мұрасы бойынша педагогтердің шығармашылық қызметін ынталандыру және  озық тәжірибелерін насихаттау;

¾   ғұлама ғалымның мұрасын инновациялық білім беру үдерістерінде кеңінен қолдану.

4. Облыстық онлайн педагогикалық оқудың жұмыс түрі және мазмұны

 

4.1. Онлайн-педагогикалық оқудың мақсаты мен міндеттерін  жүзеге асыру үшін келесі тақырыптық бағыттар ұсынылады:

-         «Әл-Фараби және қазіргі заман»;

-         Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы;

-         Әл-фараби мен А        бай шығармаларының философиялық үйлесімі;

-         «Әл-Фарабидің рухани мұрасы

-         «Әл-Фарабидің аударма әлемі және шет тілдерін меңгеру аспектісі»

-         «Естеліктер сыр шертеді...» (ұлы тұлға туралы естеліктері).

4.2. Педагогикалық оқудың жұмыс тілі: қазақ, орыс.

 

5. Облыстық онлайн педагогикалық оқуға қатысу тәртібі:

5.1. Педагогикалық оқуларға қатысу үшін педагогикалық ұжымдар, педагогикалық қызметкерлер, кәсіби жоғары деңгейдегі педагогтер, докторанттар, аспиранттар, ізденушілер, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ өкілдері  және орта білім беру  ұйымдары педагогтері, әдіскерлер,  техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі пән мұғалімдері шақырылады.

5.2. Педагогикалық оқуларға қатысушылар жеке орындалған жұмыстарды, сондай-ақ авторлық ұжым орындаған жұмыстарды да ұсына алады.

5.3. Педагогикалық оқулардың басым бағыттарына сәйкес қатысушылар жұмыстарын: инновациялық жоба; авторлық бағдарлама; баяндама түрінде ұсына алады.

5.4. Педагогикалық оқуларды өткізу форматы – онлайн. Автордың баяндауы Power Point, Prezi.com. таныстырылымында болуға тиіс.

5.5. Ұйымдастыру комитеттері «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ».

Қатысушылар ұйымдастыру комитетіне «Педагогикалық оқулар» деген белгісі бар ұсынымдарды (1-қосымша) және мазмұны Педагогикалық оқулардың бағыттарына сәйкес келетін материалдарды 10 маусымға дейін мына электронды поштаға жіберулері тиіс (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.).

5.6. Кешіктіріліп алынған материалдар қарастырылмайды.

6.  Қатысушылардың ұсынатын материалдарына қойылатын талаптар:

-         Жұмыстың мазмұны педагогикалық оқу бағыттарына сәйкес келуі;

-         Баяндаманың көлемі 5-7 минуттан аспауы;

-         Проблеманы ұсынылған бағытқа сәйкес анық, мазмұнды қоя білуі;

-         Болашақта тәжірибеге енгізуге бағытталуы.

 

7. Қорытындылау, қатысушыларды марапаттау.

7.1. Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» Ұйымдастыру комитетінің шешімімен қатысушылар сертификаттармен және үздік жұмыстар дипломдармен марапатталады.

1-қосымша

Өтінім формасы

Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)________________________________________________

Ғылыми дәрежесі және атағы ___________________________________________________

Жұмыс орны, қызметі _________________________________________________________

Байланыс телефоны __________________________________________________________

Электрондық пошта E-mail _____________________________________________________

Баяндаманың тақырыбы _________________________________________________________

 Баяндама бағыты

2-қосымша

Қосымша сұрақтар бойынша  «Инновациялық білім және ақпараттық технологиялар»  (Гүлзат Әлжанова Кенжебековна) кафедрасына хабарласуға болады: тел. 8 707 625 80 69

FASHION NEWS
Scroll to Top