A+ R A-
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Зияткер» Республикалық қашықтық олимпиадасының өтуі туралы ЕРЕЖЕ

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Зияткер» Республикалық қашықтық олимпиадасының өтуі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ереже

1.1.«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспары аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық қашықтық олимпиадасы (кейін-Олимпиада) өткізіледі.

1.2.Олимпиаданы ұйымдастыруда «Бастауыш мектепте оқыту»,  «Бастауыш сынып әдістемесі» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналдары,  «Білімді ел» Республикалық газеті, «Педагогикалық ізденіс» ақпараттық ғылыми-ізденіс журнал, «Білім берудегі балалар – балаларға білім беру» электрондық газет қамтамасыз етеді.

2.Олимпиада ережесінің нормативтік базасы

 

  1. ҚР Президенті Қ.Токаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі », 1 қыркүйек 2020 ж.
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы, ЖаңаҚазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №  988 Жарлығы;
  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27 шілде 2007 жыл №319-III. (24.11.2015 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  4.  «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы No 293-VІ ЗРК Заңы.
  5. «Білім берудің барлық деңгейлерінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы No 604 бұйрығы.
    1. «Мұғалімдер мен оларға теңестірілген адамдарды аттестаттаудың ережелері мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы No 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы No 202 бұйрығы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру және арнайы білім беру бағдарламаларының білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы басқа да мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын иелену ».
    2. 2020-2021 оку жылында ҚР жалпы білім беретін мектептерде білім беру жүйесін ұйымдастыру жүйесі туралы Әдістемелік нұсқау хат.

3. Цель и задачи Олимпиада мақсаты және міндеті

3.1.Олимпиаданың мақсаты: курстан кейінгі қолдау, дарынды мұғалімдерді анықтау және қолдау, кәсіби шеберлікті дамыту және олардың шығармашылық қызметін ынталандыру.

3.2. Олимпиаданың міндеті: мұғалімдердің шығармашылық қызметтері мен кәсіби шеберліктерін дамыту, талантты педагогтерді анықтау және қолдау.

4. Олимпиада ұйымдастырушылары

 

4.1.Ұйымдастыру және өткізу бойынша басшылықты Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

4.2 Ұйымдастыру комитетінің құрамына «Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы енді.

42.3 Ұйымдастыру комитеті олимпиаданы өткізу туралы Ережені әзірлейді, ағымдағы жұмыстар мен жалпы басшылықты жүзеге асырады.

5. Олимпиадаға қатысушылар

5.1.Олимпиадаға мектептің түріне, оқыту тіліне қарамастан мамандандырылған білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың  бастауыш сынып мұғалімдері қатыса алады.

5.2.Олимпиадаға қатысушы олимпиадаға қатысу тілін таңдауға құқы бар (қазақша, орысша).

6. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

6.1.Олимпиадаға қатысу келесі тәртіпке сәйкес қашықтықтан жүзеге асады:

«Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ сайтында (ipksko.kz, сайттың сол жақ бөлігінде) 2020 жылы 18  қыркүйекте бастауыш сынып мұғалімдер үшін «Зияткер» Республикалық қашықтық олимпиадасы» модулі шығады.

Осы модульге басу арқылы келесі бетте қажетті ақпаратты толтырасыз олар: ТАЖ, жұмыс орны, лауазым, электрондық пошта, телефон нөмірі, сонымен қатар олимпиадаға қатысты сұрақтарға жауап бере аласыз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін төменгі нысанындағы ЖІБЕРУ батырмасын (кнопка) басыңыз.

  • Олимпиаданың басталуы: 18 қыркүйек 2020 жыл, сағ: 14.00.
  • Тапсырмаларды орындауға астрономиялық 2 сағат беріледі (120 минут).
  • Сайтта архив дұрыс көрінбесе немесе техникалық ақаулар болған жағдайда мына телефондар арқылы хабарласа аласыз тел. 87476031582,87478271249, 87754065346.

7. Олимпиаданың қорытындысы

7.1 Олимпиаданың қорытындысы автоматты режимде анықталады.

7.2 Олимпиаданың қорытындысы бойынша 1 жеңімпазды (1 орын) және екінші, үшінші орын алған 10 жүлдегерді анықтайды.

8. Жеңімпаздарды марапаттау

8.1.Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері барлық орындалған тапсырмалардың ұпай сандарының жиынтығымен анықталады.

8.2.Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін:

          1) І, II және III дәрежедегі диплом;

          2) Олимпиадаға қатысушылар сұрақтардың 70% дұрыс жауап берген жағдайда  сертификаттармен марапатталады.

8.3.Олимпиаданың  қорытындысы «Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ сайтында   орналасады. www. Ipksko.kz

8.4.«Зияткер» Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздарының   нәтижелері «Бастауыш мектепте оқыту», «Білімді Ел - Образованная Страна» Республикалық білім беру қоғамдық-саяси газетінде, «Педагогикалық ізденіс»  Ақпараттық ғылыми-әдістемелік журналында, «Білім берудегі балалар – балаларға білім беру» электрондық газетінде жарияланады.

Scroll to Top