A+ R A-
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ ТОБЫ

Топтың жұмысы мониторингтік зерттеулердің болжау функциясын жүзеге асыру мақсатында мониторинг және талдау бөлімімен ұйымдастырылады.

Құқықтық негізі: ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» заңына, 2013 жылғы 11 қыркүйектегі №370 Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» 2012 жылғы 19 қыркүйектегі ережесіне сәйкес әзірленген, 2014 жылдың 01.09-да филиал директорымен бекітілген талдау және болжау тобының қызметі туралы ереже.

Мақсаты: курстық дайындықтың жағдайына себеп-салдарлық талдаудың негізінде педагогтардың курстық дайындықтарын жетілдірудің алдағы үрдістері мен мүмкіндіктерін болжау.

Міндеттері:

—  қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары сапасының мониторингтік зерттеулері нәтижелерінің талдауы;

—  қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырудың мықты және нашар жақтарын зерделеу (SWOT- курс кураторының талдауы);

—  курстық дайындықта пәннің мазмұнын жетілдіру және күшейту мүмкіндіктерін анықтау (жалпы және педагогтардың кейбір санаттарына бөлек).

Топтың құрамы:

— филиал қызметкерлері: директордың орынбасары, кафедра меңгерушілері, мониторинг және талдау бөлімінің бастығы, инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;

— ЖОО, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттердің өкілдері: М.Қозыбаев ат. СҚМУ, білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс пен ақпараттық технологиялар орталығы, білім беру бөлімдерінің (Петропавл қ. және Қызылжар ауданы), облыс мектептері.

Ұсынымдарды жүзеге асыру:

Топ отырысының хаттамасы кафедра отырысында қарастыру және жүзеге асыру үшін кафедра меңгерушілеріне жолданады.

Мониторинг және талдау бөлімі кафедра меңгерушілерімен бірлесіп, арнайы таңдап алынған жабдықтың негізінде (хаттамаларды зерделеу, оқу бағдарламалары мен кестелерді талдау, сауалнама жүргізу және т.б.) ұсынымдардың жүзеге асырылуын қадағалайды.

 

Талдау және болжау тобы

Scroll to Top