A+ R A-
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

Талдау және болжам тобының кезекті отырысы (2015 жылдың 19 қаңтары)

2015 жылдың қаңтар айында өткізілген қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының талдауы 

Топтың кезекті отырысында келесі мәселелер қарастырылды: 

1) 2015 жылдың ІІ жартыжылдығында өткізілген Талдау және болжам тобы отырыстарының ұсынымдарын жүзеге асыру мониторингінің нәтижелері.

2) 2015 жылдың қаңтар айындағы бюджеттік қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының сапасы бойынша мониторингтік зерттеулердің нәтижелері.

3) 2015 жылдың қаңтар айындағы келісімшарт негізінде өткізілетін қысқа мерзімді курстарының SWOT-талдауы.

4) Қысқа мерзімді курстары тыңдаушыларымен кітапхананың ресурстарын пайдалану. 

Мәселелерді талқылау кезінде ұсынымдарды жүзеге асыру нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының сапасына мониторингтік зерттеулердің кезеңділігін қамтамасыз ету: диагностика-анықтау-ұсынымдар-жүзеге асыру-нәтиже, мониторингтік зерттеулердің болжамдық функцияларын жүзеге асырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Сауалнама мен кешенді тестілеу нәтижелерінің талдауы қысқа мерзімді курстарының жоғары деңгейін көрсетті. Сонымен, «білімді жетілдірудің» орта деңгейі - 26,8%, оқытушылар жұмысын бағалаудың орта баллы - 9,7 балл.

Келісімшарт негізінде өткізілетін қысқа мерзімді курстарының нәтижелерін талдау Топ жұмысындағы маңызды бағыттарының бірі болып табылады (орта баллы – 9,8). Сонымен қатар, нәтижелерді орталыққа дәлдеу әдісін енгізу шегінде мониторинг және талдау бөлімімен дайындалған келісімшарт негізіндегі курстары тыңдаушыларының шығыс сауалнамасы оқыту бағдарламаларының қиындық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.    

Топ отырысының нәтижелері бойынша ұсынымдар дайындалды.

Мониторинг және талдау бөлімі

Scroll to Top