A+ R A-
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Как правильно варикоз лечить

Байқауға қатысу- кәсібиліктің көрінісі

Карашаш  Жамантаева,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ»

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»

 кафедрасының  аға оқытушысы, жаңартылған білім беру бағдарламасының тренері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясында «Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс.Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі.
Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы.» деп атады.Air Jordan

Педагогикалық қызметтің қалыптасуына мумкіндік беретін үздік инновациялық технологияларды және әдістемелерді ендіруде және педагогердің кәсіби белсенділігін дамытуда байқауларда қатысу маңызы зор қадамды ашады.

Бастауыш сынып мұғалімдердің шығармашылық қызметтері мен кәсіби шеберліктерін арттыру, талантты педагогтерді анықтау «Педагог мәртебесі» жобасын іске асыруда танымдық қабілеттерін  дамыту 2019 жылы  16 қазанда жүргізілген  «Өрлеу» БАҰО АҚ СҚО ПҚ БАИ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «Зияткер» Республикалық қашықтық  олимпиаданың басты міндеті болып саналды.

Республиканың білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың 860 бастауыш сынып мұғалімдері интернет-олимпиаданың қатысушысы болды: оның ішінде: 401 адам тапсырмаларды мемлекеттік тілде, 465 адам орыс тілінде тапсырманы орындады.

Республика бойынша қатысушылардың саны ауқымды: Нұр-Сұлтан қаласы – 25, Алматы қаласы – 3, Алматы облысы – 246, Ақтөбе облысы – 31, Атырау облысы – 43, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Батыс Қазақстан облысы – 227, Солтүстік Қазақстан облысы – 166,   Жамбыл облысы – 9, Маңғыстау облысы – 26, Қарағанды облысы – 30, Қостанай облысы – 5, Павлодар облысы – 9, Ақмола облысы – 253, Қызылорда облысы – 20, Туркестан облысы – 3 педагог.

Егер бұл байқауда ұстаздар өз кәсібилігін теориялық тұрғыдан көрсететін болса,  «Болашағы мол бастауыш мектеп» әдістемелік әзірлемелер облыстық қашықтық байқауы бастауыш жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу аясында  педагогтердің шығармашыл, зерттеушілік, кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға бағыттады. Педагогтер   бақылау-өлшеуіш материалдар, бейнесабақтар, әдістемелік құралдар, Цифрлық білім беру ресурстары, электрондық жинақтар бағытында өз педагогикалық тәжірибесін сынға салды. Кәсіби жолында әр ұстаз байқаудың қажеттілігін түсінеді.

Сондықтан, педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық сипатын тек педагогикалық мәселелерді шешумен ғана шектеуге болмайды, алайда шығармашылық ойлауды дамытуға бағытталған арнайы таңдалған міндеттерді шешу мұғалімнің жеке басының шығармашылық әлеуетін дамытудың маңызды шарты болып табылады. 

Scroll to Top