A+ R A-

Педагогический поиск №1
(28) март 2019

pedpoisk 1 2019

Архив журнала

Требования к статьям

Разработано совместно с Ext-Joom.com

  1. Обсуждаем Послание
  2. Статус педагога
  3. Статья Главы государства
  4. «Казахстан – страна Великой степи»
  5. Виртуальная выставка

Сайт филиала информирует: обсуждаем Послание в социально-педагогическом сообществе

Совещание по вопросам дальнейшей модернизации системы образования

В ходе совещания были обсуждены актуальные вопросы дальнейшей модернизации отечественной системы образования в соответствии с направлениями текущего Послания «Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни».

Подробнее можно ознакомиться, пройдя по ссылке:

http://www.akorda.kz/ru/special/events/akorda_news/meetings_and_sittings/soveshchanie-po-voprosam-dalneishei-modernizacii-sistemy-obrazovaniya
Повышение статуса педагогов и качество образования - главная задача

Ссылка: http://flashpress.kz/blog/Flash-news/176499.html

Министр образования и науки Е. Сагадиев на встрече с активом ВКО по обсуждение Послания Президента доложил, что в рамках Послания проводится комплексная работа по повышению статуса учителей, их зарплаты, качества образования, создаются необходимые условия для детей и педагогов.

«Для воспитателей будет разработана национальная система тестирования. В текущем году мы внедрили национальное тестирование для учителей, по итогам которого учителя могут получить новую категорию и доплату. Такая же система присуждения категорий будет разработана, обсуждена и внедрена для воспитателей детских садов», — сказал министр образования и науки.

Е. Сагадиев также обозначил вопрос обеспечения детской безопасности, включая наличие в школах психологов. Сегодня в целом по Казахстану камерами видеонаблюдения обеспечены 80% школ и 60%детских садов. В Восточно-Казахстанской области обеспечены 100% школ и 72% детских садов. Согласно поручению Главы государства данный показатель должен достигнуть 100%.


Ссылка: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/pravitelstve-rassmotreli-voprosyi-ispolneniya-poslaniya-355027/

В правительстве рассмотрели вопросы исполнения Послания Президента РК Министр образования и науки Ерлан Сагадиев сообщил, что в рамках кардинального усиления качества школьного и дошкольного образования МОН РК совместно с акиматами будет разработана соответствующая дорожная карта, где будут предусмотрены меры по повышению квалификации дошкольных воспитателей и введению единых квалификационных требований.

"В школе данная работа уже идет. В текущем году внедрен национальный квалификационный тест. По итогам аттестации в школах присвоены квалификационные категории более 34 тысячам учителей. Доплата указанному количеству педагогов производится с 1 сентября 2018 года. В целом размер доплаты варьируется от 30 до 50 процентов в зависимости от категории", - доложил министр образования и науки.

По графику идет переход на международные стандарты. В 2019-2020 годах будет обеспечен перевод всей системы оценивания на стандарты PISA, SAT, AST.

Кроме того, в школе будет продолжена работа по сокращению дефицита ученических мест. В рамках обеспечения детской безопасности будут приняты меры по 100-процентному оснащению школ и детских садов системами видеонаблюдения. Будет закуплено порядка 4 тысяч камер видеонаблюдения.

По поручению Главы государства будет разработан закон "О статусе педагога", в котором будут предусмотрены стимулы для повышения социального статуса педагогов, сокращения учебной нагрузки и защиты от ненужных проверок и другое. Также Сагадиев отметил, что будет продолжена работа по повышению требований к качеству преподавания в высших учебных заведениях.


Вице-министр МОН РК Эльмира Суханбердиева прокомментировала о том, как изменится образование в Казахстане после Послания Н.Назарбаева "Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни". Подробнее можно ознакомиться, пройдя по ссылке: http://www.zakon.kz/4940340-kak-izmenitsya-obrazovanie-v-kazahstane.html
Статья Главы государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания" ознакомится с ней можно перейдя по следующей ссылке
KZМинистерством иностранных дел РК разработано и представлено цифровое приложение «Казахстан – страна Великой степи» данный проект является исполнением поручения Главы государства в рамках 87 шага Плана нации «100 конкретных шагов» по созданию масштабного интернет-проекта «Энциклопедия Казахстана» с целью помочь каждому гражданину и иностранному туристу больше узнать о стране. Приложение является цифровой энциклопедией, охватывающей широкий набор тем и состоит их 10 разделов: география, история, общество, культура, государство, международные отношения, экономика, туризм, Астана, ЭКСПО-2017. Приложение реализовано на 3-х языках – казахском, русском, английском, содержит 68 глав с наличием в них фотогалереи, видеороликов, интерактивных графиков и интерактивных карт. Приложение может быть установлено на различные виды устройств: мобильные телефоны, планшеты, ноутбуки, стационарные компьютеры). Электронные версии размещены в AppStore и PlayMarket. На официальном сайте МИД имеется специальный раздел для запуска веб-версии в виде сайта. Вы также можете скачать расширенную версию Приложения в виде файла и в последующем установить его на свой персональный компьютер.
На сайте филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Северо-Казахстанской области» организована виртуальная книжно-иллюстративная выставка «Путь Президента - путь страны», посвященная Дню рождения Лидера нации. Цель выставки – показать историческую роль и вклад Первого Президента Республики Казахстан в становление и развитие независимого Казахстана, обновление и модернизацию казахстанского общества. На выставке представлены книги на казахском, русском и языках народов мира о жизненном пути Первого Президента, детстве и юности, овладении рабочей профессией и трудовых буднях, общественной и политической деятельности. Виртуальная выставка даст вам возможность увидеть издания, раскрывающие феномен быстрого становления независимого государства и событий исторического значения, высказывания и труды политиков мирового уровня о Первом Президенте Казахстана.Выставка адресована широкому кругу читателей. Приглашаем вас посетить виртуальную выставку по ссылке
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Оқушылардың дарындылық , шығармашылық қабілетін анықтау

Мүсетаева Гүлмайда Нәсиқызы,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО ПҚ БАИ»
Инновациалық білім
беру және ақпараттық
технологиялар кафедрасының
аға оқытушысы

Сералина Маржан Ерболовна, Петропавл қ.,
«Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
тарих пәнінің мұғалімі

Абайдың жетінші қара сөзінде дарынды балаға берген алтын ережесінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген».

Оқушының бойындағы адам баласына тән осы қасиеттері арқылы, өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін қолдап, қабілетін дамытып, оның ары қарай дамуына бағыт бере білу ерекше іс болып табылады.
Бүгінгі білім беру ісінің басты мақсаты - жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ, білгенін ұтымды пайдалана алатын, жылдам өзгеріп жатқан ғасырда лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті түлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Дaрындылық - адамның өз бейімділігін шығармашылықпен шыңдау арқылы қалыптасатын қасиет. Бұрыннан «Дарынды оқушы – жақсы оқитын оқушы» деген қалыптасқан пікір бар. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, зерек, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы өзгеше оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету – оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асатыны сөзсіз.
Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – мұғалімнің парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Психолог мамандар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді:
Репродуктивті – іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», -деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған».
Шығармашылық – өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.
Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болмағанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар толық бір пікірге келе қоймады. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
Шығармашыл, дарынды балаларды анықтау – баланың даму жолын дұрыс таңдаумен байланысты ұзақ үдеріс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытуға ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
4. Жұмысы нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесіне жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Дарынды оқушымен жұмыстың мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өз қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.
Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
- дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
- оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;
- дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығушылық таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;
- дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
- дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
- өзінің сабақ беретін пәнін мелекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
- қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үдерісті білуі;
- оқушы дарындылығының моделін білуі;
- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;
- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үдерісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
- дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
- дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;
- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
- дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
- оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;
- дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:
- шығармашылық қабілетін анықтау;
- сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;
- оқушының қызығушылығы туралы ата-анасымен әңгімелесу;
- пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру.
Оқушыға ата-ана, мұғалім, қоршаған ортадағы жолдастары әсер ететеді. Дарынды оқушыны анықтап болған соң, оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу ғылыми жоба ретінде көмек беруін мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. Дарынды оқушының жүрегіне жол тапқан ұстаз педагогикалық тұрғыдан шеберліктің қайнар көзіне айналады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыру мұғалімді үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуге міндеттейді. Оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да қабілетті адамға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуірге сай өзгеше қабілет-қасиетке ие, білім мен тәрбиені тең меңгерген жан-жақты жаңа тұлға қалыптастыру қажет. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне икемдейді. Осыған орай, мектептерінде жаңа талап, жаңа заманға сай дарынды оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жандандыру – үлкен міндет. Сондықтан окушылардың дарындылығын шыңдап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру біздің міндетіміз.

Қолданылған әдебиеттер:
Дарынды тану және оқыту мәселелері // Қазақстан мектебі. - 2002 – №1-2.
Қазақстан мектебі «Дарынды оқушымен жұмыс» №2, 2011 жыл.
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық www.cpm.kz
4. Темірғалиева Ф.Т. https://alashainasy.kz/darynokuortalygy/daryindy ilyiktyi-kalyiptastyirudagyi-okushyi-shyigarmashyilyigyin-damyitu-80494/

Scroll to Top