A+ R A-

sertificate

IROSTrus2


Педагогический поиск №1
(28) март 2019

pedpoisk 1 2019

Архив журнала

Требования к статьям

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Әлжанова Г.К. [Часть 1] Кері байланыс – әрекетті талдау

Қазіргі уақыттағы  нақты құрылымдалған кері байланыс оқыту үдерісін тиімді басқарудағы үздіксіз әрекет болып табылады. Ол педагогикалық үдеріске қатысушылар арасындағы ақпаратпен алмасу және әрбір әрекеттің себеп-салдарын анықтайтын кезең.  Адам ақпарат алмасу барысында  өзінің жеке жетістігінің нәтижесі мен сөйлеу әрекетін көрсете отырып, өзінің пікірін білдіреді.

Кері байланыс оқушыларға оқу қызметін түзетуге және түзетуге мүмкіндік береді және оқу материалын  сапалы меңгеруіне мүмкіндік беретін үдерістің бір қыры. Жеке тұлғаны оқыту үдерісіне белсене қатысуға тартудың сыры – ынталандыу, алға жылжыту, өзінің білім анықтауға мүмкіндік беру, басқамен пікіралмасуға және сыныптасының жұмысын бағалауға мүмкіндік беру болып табылады.

Жалпы оқыту үдерісіндегі қалыптастырушы бағалау дегеніміз – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқуды дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалау үдерісі.

Кері байланыс қағидаттары:

  • Бағалаушы тұрғысында емес, сипаттамалық түрде болуы тиіс.
  • Жалпыланған емес, нақты болуы тиіс.
  • Кімнің кері байланысты алатынын және кімнің беретінін қажеттілікте ескеруі тиіс.
  • Кері байланыс оны алатын адам өзгертуі мүмкін жағдайға бағытталуы тиіс
  • Жалықтыратын  емес, тартымды болуы тиіс.
  • Уақтылы болуы тиіс және  кері байланыс орындалған әрекеттен кейін дереу берілгенде пайдалы.
  • Хабарламаны дұрыс түсінгеніне күмәні болмауы үшін кері байланыс тексерілген болуы тиіс.
  • Топтың мәнмәтінінде іске асырылуы тиіс.

Оқыту үдерісіндегі кері байланыс  - оқу мен оқытудағы ақпарат жүйесі кезіндегі ішкі және сыртқы байланыстың нәтижесі.

Кері байланысты жазуға арналған ұсыныстар:

  • Үнемі тиімді кері байланыс жасаңыз және оқушыларды өз жұмысын және басқалардың жұмысын бағалауға үйретіңіз;
  • Түсіндірмесіз айтылатын «дұрыс емес», «өтірік», «кім жауап береді?» деген сөздерден аулақ болыңыз. Ненің дұрыс емес екенін, оны түзету үшін не істеуге болатынын ұсыныңыз;
  • Қателігін емес, дұрыс орындалғанын айтыңыз;
  • Кемшіліктерді болдырмаудың жолдары немесе жауаптарын қалай жақсартуға болатыны жөнінде ұсыныстар беріңіз;
  • Қателіктері туралы төмендегідей пункттер бойынша ақпарат бере аласыз: орналасуы, қателерінің түрі, қателерді жөндеу үшін жасалатын әрекеттер.

Кері байланысты жүзеге асырудың шағын ережелері:

  • Әруақытта жағымды ақпараттан бастаңыз.
  • Жақсартуды қажет ететін сәттерге қарағанда, әруақытта жағымды сәттерді көбірек атаңыз.
  • Топқа емес, адамға бағытталған кері байланысты қамтамасыз етіңіз.
  • Қол жеткізілген жетістіктерді ескеріңіз.
  • Қатысушыларды салыстырмаңыз.

Кері байланыс нәтижелі болуы тиіс:

  • Болашаққа көз жүгіртіңіз («Келесі рет осылай істеңіздер...»).
  • Кері байланыс нақты болуы тиіс (мәселен, «Адамдармен араласу дағдыларын арттыруға тырысыңыз» деп емес, «Әріптесіңіздің вербалдық емес іс-әрекеттерін мұқият бақылаңыз» деп айтқан жөн).

Тиімді кері байланыс оқушының үш сұрағына жауап береді:

  • Оқудың қай кезеңіндемін?
  • Нәтижеге қалай жете аламын?
  • Кемшіліктерді болдырмау үшін қандай жұмыстар істеймін?

Топтық кері байланыс

Сыныптастардың жұмысын бағалауға қатысты топтық кері байланыс мұғалімге оқудағы қажеттіліктерді қарапайым түрде анықтауға көмектесе алады. Егер топ кері байланыс ұсынатын болса,  бұл мәселеге назар аудартып, жүйелендірілген, талқыланған тапсырмаларға қатысты ақпарат береді (сонда мұғалім қайталауға арналған жаттығуларды азырақ бере алады).

Білетініңіздің барлығы

Оқушылар тарауды оқуға кірісудің басында ________ туралы не білетінінің барлығын жазады.

Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді.

Түзетулер

Сіз бағаламастан бұрын, оқушылардың өз жұмыстарын түзеткендеріне дәлел келтіруді талап ете отырып, түсініктеме беру арқылы жауапты қайта тұжырымдауға және бағалауға назар аударыңыз (бұған уақыт бөліңіз).

Кері байланыс бутерброды

Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

Әңгімелесетін әріптестер

Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

  • жаңа оқылған 3 факті туралы;
  • оларға жеңіл болып көрінгендер туралы
  • оларға қиын болып көрінгендер туралы
  • алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.

Жақсы сұрақ негіздері

Неліктен...?

Егер... болса қалай?

Сіз қалай ...?

Сіз .... түсіндіріп бере аласыз ба?

... не болуы мүмкін?

Көрсет және әңгімеле 

Әр оқушы өз жауабын жазуға/салуға мүмкіндігі болатындай және оны тез арада сізге (сыныптастарына) көрсететіндей етіп, шағын маркер тақтасын қолданыңыз.

Бір сөйлеммен түйіндеу

Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. 

Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде  және т.б. сөздерден тұруы мүмкін.

Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т.б.

Кері байланыс тренингілік топта берілгенде және кері байланысты беруші мен оны алушы топтың басқа мүшелері де осылай қабылдағанына көз жеткізу арқылы оның дұрыстыған тексере алады.

Естеріңізде болсын: кері байланысты алушы адам (тренингке қатысушы) оның пайдалылығын сезінген жағдайда ғана кері байланыстан шынымен пайда түседі!

«Инновациялық технологиялар және ғылыми–жаратылыстану (гуманитарлық)  пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы

Әлжанова Г.К.

Scroll to Top