A+ R A-

sertificate

IROSTrus2


Педагогический поиск №1
(28) март 2019

pedpoisk 1 2019

Архив журнала

Требования к статьям

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Кері байланыс – жетістікті анықтау белгісі

ХХІ ғасыр талабы жеке тұлғаны жан-жақты зерделі, зияткер, өмірде өз орнын табуға бейімдеу. Қазіргі таңда педагогтер оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі қалыптастырушы бағалау (кері байланыс) үдерісін жан-жақты талдауда. Сонымен қатар оқыту үдерісін белсенді етудің қыр-сырын меңгеріп, түрлі тәсілдерді сабақта ықпалдастырудың қадамдарын зерттеуде.

Жалпы тәжірибеде белсенді оқыту мен оқу әдістерін таңдау, пайдалану және әзірлеу – оңай жұмыс емес, өйткені мұғалімдерде қандай да бір тәсілді қолданардың алдында көптеген сұрақтар туындайды, мысалы:

− тақырып немесе сабақ білім алушылардың жасына сәйкес келе ме?;

− сыныпта қандай балалар жиналған, мысалы, қабілеттерінің деңгейлері әртүрлі, саны, жынысы және т.б.;

− жекелеген оқушыларда жоспарлау барысында ескерілуі тиіс белгілі бір мұқтаждық, өзіндік мән-жайлар бар ма?.

Осындай ойлар арқылы белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір әдісін пайдаланардың алдында мұғалімдер өздеріне әртүрлі сұрақтар қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізер тұстарын анықтауда. Мысалы, Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі. Осы жерде оқушыны ынталандыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қамти отырып, оқушының сабақтағы әрекетін талдауды кері байланыс арқылы алу педагог үшін келесі жұмысы мен қадамына өзгерістер енгізуге үлкен мүмкіндік болып отыр.

Жалпы алғанда кері байланыс талдау нәтижелері әртүрлі ерекшеліктерін анықтауға  мүмкіндік береді: жеке оқушының да, жалпы сыныптың да, әр мүғалімнің сабақты, оқу материалын ұйымдастыруын және оны балаға жеткізе білуін. Кері байланыс арқылы мұғалім оқушылардың үздігін анықтауға, артта қалып жатқанына да көңіл бөле алады. Және неге артта қалып жатқан себептерін анықтайды, жалпы, мұғалім оқу үрдісін  шексіз жетілдіріп жандандыруға арналған құралға ие болады. Келесі кезекте тағы да бірнеше кері байланыс құралдарына тоқталып көрелік:

 

Talk Partners «сұхбаттасатын жұп»

Жұбыңызбен:

3 үйренген нәрсе;

Не оңай болды?

Не қиын болды?

Тағы да не нәрсе туралы білгіңіз келетіні жайлы әңгімелесіңіз.

 

Көмектесіңізші маған

!-бұл мұғалім үстелінде түратын кішкене дәптер. Кез-келген оқушы бұл дәптерді алып, оған өзінің жазбасын: сұрағын қоюына, өтінішін білдіруіне, өзін қинап жүрген түрлі сауалдарын жазу арқылы мұғалімінен ақыл-кеңес пен көмек алады. Мысалы: “Өтінемін,бүгін менің ереже жаттамағанымды ата-анама айтпаңызшы, ертең жаттап айтамын. Бексұлтан”. “Теңдеуді шешуді түсіне алмай, жүрмін көмектесіңізші. Алтынай.”

 

003

Сұрақтары бар қорап

Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

“Жазушының қойын дәптері“

 

Менің әрекетім

 

Ой толғанысым

 

   

Менің әрекетім бөлігінде жоспарлайды, ой толғанысым бөлігінде өз іс-әрекетін әңгімелеп жазады.

Т кестесі стратегиясы – Мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр. Кіші жас оқушыларына кескін, сурет түрінде орындауға

 

004

Рефлексия «Бешбармақ»

Жайма – позитивті комментарий: не ұнады?

 

ет – сындарлы сын:

нені әлі білуім керек?

 

тұздық – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...

 

Осындай түрлі тәсілдерді қолдану арқылы жеке тұлғаның оқуға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, білім сапасын көтеруге ықпалы тиеді деген ойдамын.

Scroll to Top