A+ R A-

IROSTrus2


Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Әлжанова Г.К. [Часть 3] Кері байланыс – ойды қорытындылау

Оқушыларға сабақ тақырыбын қаншалықты меңгергендігін, оның қандай білім мен  дағдыларының артқандығын  анықтау мақсатында  «Ойды қорытындылау» тәсілі тиімді болып келеді. Себебі, жазу жұмыстарының түрлері жеткілікті, мұнда сабақ соңында ой-толғаныс (түсінікті дамыту) кезеңінде оқушылар жазатын аз уақыт ішіндегі шағын көлемдегі жұмыстарды айтуға болады.

«Ойды қорытындылау» тәсілі

Оқыту үдерісінде жеке тұлғаның білімі мен біліктілігін анықтауға арналған жұмыс түрі:

Үзінді – тақырыптың негізгі ойын ашатын үзіндіні көрсету. Үзіндіні үш-төрт сөйлеммен келтіру. Алынған сөйлемдер оқушының сыни ойлауын білдіретін ұғымдар мен ойлардан тұруы тиіс.

Дәлел – тақырыптың үзіндісінен  мәтіннің негізгі ойын ашатындығын дәлелдеу. Бұл жерде басқа ақпарат көздері мен басқа да пкірлерге сілтеме келтіру.

Сұрақ – тақырып бойынша  бірнеше сұрақтар келтіру, ол бір ерекше ойды білдіретін, қызықты және назар аудартатындай болуы  тиіс. Түйінді бір сұрақпен аяқтау.

Жауап -  Қойылған сұрақтарға 3-4 сөйлеммен жауап беру. Жауаптар бұл мәселенің шешу жолын білдіретіндей және оны басқаша қалай шешуге болатындығын көрсетуі тиіс.

Қорытынды -  тақырып бойынша туындаған ойларды 3-4 сөйлеммен келтіру.

Сонымен бұл жұмыстың көлемі 10-15 сөйлем аумағында болуы тиіс.

Scroll to Top