A+ R A-

IROSTrus2


Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Әлжанова Г.К. [Часть 4] «Сиқырлы сұрақтар» кері байланыс құралы

«Сиқырлы сұрақтар» әдісі

Оқушы жасай алады:

  • білімін, әсерін, тәжірибесін актуалдандыру;
  • ұсынылған сұрақтар бойынша сараптау, болжау, қиялдау;
  • жаңа ақпаратқа қызығушылықпен қарау;
  • жаңа білімді алуда өз қажетін анықтау және тақырыпты меңгеруге өз жоспарын құру;
  • сұраққа өз жауабының сәйкес келгенін, немесе келмегеніне рефлексия жасау;
  • таным әрекеті процесінде қарым – қатынас жасау шеберлігі.

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам: мұғалім тақырыпқа байланысты өзінің  «ашық» сұрағын аудиторияға ұсынады (сұрақты тақтаға жазған дұрыс. Сұрақ кез-келген түрде әзіл, жұмбақ, проблема т.б болуы мүмкін)  

2-қадам: әуелі 2-3 минут сұраққа жауапты өзі жазады, сосын өз ойын жұпта / топта бөліседі.

3-қадам: бірнеше топ өз жұмыстарын аудиториямен бөліседі және жаңа тақырыпқа ауысады.

4- қадам: жаңа тақырыппен танысып болған соң, сиқырлы сұраққа өз жауаптарының қаншалықты сәйкес келгенін салыстырады және қорытындылайды.

Scroll to Top