A+ R A-

IROSTrus2


Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Әлжанова Г.К. [Часть 5] Кері байланыс - бағалау кезеңі

Кері байланыс – оқу мақсатына жетуге апаратын түрлі мәселелерді шешетін, нақты әрекеттерге түсініктеме беретін  және  өзара қарым – қатынас үдерісі.

Мектеп оқушыларын оқытудың негізі  - тиімді кері байланыс құру болып табылады. 

Кері байланыс – бұл оқу тапсырмаларын шешетін және мұғалімдерге оқудағы жетістік деңгейлерін анықтауға мүмкіндік беретін, оқу үдерісінің жүруі туралы ақпарат беретін құрал. 

Кері байланыс әрекеттесуге  және ойлау бағыттарын өзгертуге немесе оқушыларға өз қателерін жөндеуге, өзара сыйластық пен мейірімділік атмосферасы орнату арқылы жүзеге асады. Кері байланыс құралы арқылы оқушы алға жылжу үшін нақты ұсынымдар мен оқуда өзінің әлсіз тұстарын білуге ақпарат алады, ал мұғалім үшін өзінің әрекетіне өзгерістер енгізуіне (жаңа әдістерді таңдау, оқу техникасын, сабақтың уақытына өзгерістер енгізуге) және оқудағы кедергілерді жоюға мүмкіндік болады.

Сабақтағы кері байланыста келесі бағыттар жүзеге асады: мұғалім-оқушы, оқушы-оқушылар, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы. Кері байланыс ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі.

Курс тыңдаушылары үшін кері байланыс түрі:

«Бес даналы сандық»

Қызыл сандық - Белсенді оқытуды жүргізу бойынша ережелер құрастыру;

Қоңыр сандық - Белсенді оқытуда “Сұрақтар жаңбыры” әдісін мен ......жүргіземін;

Жасыл сандық  - Белсенді оқытуды жүргізуге топтың ұсынымдары;

Сары сандық  -  Белсенді оқытуды жүргізуге топтың ұсынымдары;

Көк сандық  -  Белсенді оқытуды жүргізу бойынша «3 таяқша» әдісі.

 

DEAL

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

Scroll to Top