A+ R A-

IROSTrus2


Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Әлжанова Г.К. [Часть 6] Кері байланыс құралы – сұрақ-жауап әдісі

Сұрақ-жауап (пікір алмасу)

Оқушыға қажетті мәліметті игерту. Оқытушы мен оқушы арасында бірден кері байланыс орнайды. Оқушының берілген ақпарат ішінен өзіне қажетті мәліметті айқындап алуына мүмкіндік туады. Оқушы ақпаратқа қатысты өз ой-пікірін қорыта алады.

Мысалы, сұрақтар кестесінде қатысушылар кестенің сол жағына тапсырманы тыңдау немесе оқу барысында алған ақпараттарды немесе терминдерді және сөз тіркестерін жазады. Ал кестенің оң жағына жазып алған сөздер бойынша туындаған сұрақтарын жазады.

Ал сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою жеке тапсырмаларды орындағаннан кейін топ ішінде бір-біріне белгілі бір жүйе бойынша сұрақтар қою тәсілі. Осы ретте оқытушы бірнеше топтың немесе жұптың сұрақтарын тыңдауға болады, оларға жауап беріп, немесе ол сұрақтарға басқалардың жауап беруін қадағалауға да болады. Мұнда басты назарды жауаптарға емес, сұрақтарға аударған жөн.

Кіріспе сұрақтар - сабақ барысында жеке тұлғаның белсенділігін арттыру үшін қойылатын сұрақтар. Ол сұрақтар Б.Блум таксономиясының алты ойлау деңгейлері бойынша жүргізуге болады. Бұл сұрақтар келесі мақсаттарға жетуге бағытталған:

  • оқушы  тақырып/тапсырма бойынша білімін көрсетеді
  • алған білімін түсіндіреді
  • өз пікірін дәлелдейді, талдайды, бағалайды. 

Оқушы өз деңгейіне сай сұрақтарға жауап беру арқылы оқу үдерісіне араласып, белсенді жұмысқа тартылады.

Блум түймедағы сұрақтар тізбегі:

  • Қарапайым сұрақтар
  • Анықтауыш сұрақтар
  • Тәжірибелік сұрақтар
  • Шығармашыл сұрақтар
  • Қайта бағыттау сұрақтары
  • Бағалау үшін қойылатын сұрақтар. 
Scroll to Top