A+ R A-

IROSTrus2


Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Куантаева М.Е. [Часть 1] Латын әліпбиін игеру мәселелері

Қоғам дамуындағы заңдылықтарға жүгінсек, қоғам өмірінің кейбір жақтарын қайта құру, түлету, өзгерту арқылы жаңғыру үдерістері туындап жатады. Түрлі әлеуметтік құрылыстың мәнділік негіздерін сақтай отырып, қоғам мүшелері дамып-жетіліп, тың шешімдер қабылдайтыны тағы белгілі. Соның бірі – латын әліпбиін игеру, өмірлік қолданысқа енгізу.

Қоғамдағы біреулер – графиканы көшіруді қолдаса, екіншілер – кириллицада қалғанды жөн көріп отыр. Қазақ жазуы туралы Елбасы Н. Назарбаев: «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады...» деп, графиканы өзгерту мәселесіне өзіндік ойын ашық айтып, қолдайтынын нақты түрде жеткізді.

Қазақ жазуын латын әліпбиі негізіне ауыстыру – қазақ тілінің дамуына қажетті мәселе. Әліпбиді ауыстырудың ең маңызды, ең салмақты нәтижелері – жаңа әліпби қазақ жазуының кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге оң әсер етеді, қазақ тілінің табиғатына айрықша мән беріп, қазақ тілін үйренуге қызығушылық арттырады.

Латын әліпбиін игеруді қазақ тілінің табиғатын бұзбау, акустика-артикуляциялық заңдылығын ұстау деп қарастырған жөн. Қазақ тілінің үйлесімділік заңын сақтау.

Сол кездері Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын өзгерткенде мына мәселелерді басты назарда ұстаған:

  • араб әліпбиін қазақ тілі­нің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қосымша таңбалар ендіру;
  • араб әліпбиіндегі (алфавитіндегі) қазақ тіліне сәйкес келмейтін басы артық әріптерді қолданыстан шығару;
  • араб жазу заңдылығына тән харакат, ташдид, сукун, тануин сияқты диакритикалық белгілерді қолданбау;
  • үш дауыстыға ғана негізделген араб әліпбиіндегі дауыс­тылар жүйесін қазақ тілінің үндестік заңына сәйкестендіріп дәйекше арқылы беру;
  • ұзақ ғасырлар бойы «ескі тілде» қызмет етіп, «бөтендік сипатта» болған жазу жүйесін барша қазақтың түсінікті сөйлеу тіліне бейімдеп, негіздеу.

Латын графикасының жобасын А.Байтұрсынұлының осы қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманауи тілге сай жасау қажет. Сонда тіл тазалығы сақталып, әріп сандары кемиді. Оның үстіне түрік халықтарымен ортақ графика шығып, саяси-мәдени қарым-қатынасымыздың дамуы оңай өрбиді. Сондай-ақ санамыздағы күнде әсер етіп отырған кеңестік идеология мен дүниетанымнан арыламыз.

Алаш зиялыларының ана тілін дамытудағы идеологиясын ұстана отырып, Елбасының «Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады!» деген сөзін жадымызда түйіп, мемлекеттік тілдің жаңа даму сатысына жетелейтін латын графикасына көшу мәселесі – уақыт талабы тудырған тарихи, рухани қажеттілік.

Scroll to Top