A+ R A-

IROSTrus2


Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Куантаева М.Е. [Часть 2] Латын әліпбиін игеру мәселелері

Латын әліпбиін игеру мәселесі бүгін туындай қалған жоқ – сонау ХХ ғасырдың 20-жылдары латын әрпіне негізделген жаңа әліпбиге көшу мәселесі көтерілді. Латын қозғалысының кең түрде насихаттала бастауы араб жазуын ығыстыра бастады. Сөйтіп жаңа латын әрібін қолдаушылар мен бұрынғы араб жазуын қолдаушылар арасында үлкен айтыс-тартыс туындады. Бүгін қоғамда болып жатқан үдеріс. 1924 жылдың жазуында Орынборда өткен қазақ-қырғыз зиялы қауымының алғашқы съезінде А.Байтұрсынов бастаған араб әрібін қолдаушылар басым түсіп, араб әрпіне лайықталған қазақ графикасы қабылданды.

«Осы съезде А.Байтұрсынов бас баяндама жасап, онда араб әрібінің қай жағынан болса да ыңғайлы, қолайлы әріп екендігін дәлелдеп берген болатын. 1927 жылы латын әрібін алу жолындағы бұл білімпаздардың арасында болған айтыс-тартысын жинақ ретінде Кәрім Тоқтабаев пен Мұхтар Мұрзин Қазақстан жаңа әліппе комитетінің тапсырмасымен Қазақстан мемлекеттік баспасынан «Жаңа әліппе жолында» деген кітап шығарып, онда латын әліпбиіне қатысты М.Мұрзин, Ә.Байділдин, Т.Шонанов, В.Бартольд, Н.А.Шмарин, Л.Жирков, Жозе және тағы басқа ғалымдар мен зиялылардың ой-пікірлері топтастырылды» - деп жазылады дереккөздерде.

Жаңа әліппе комиссиясының жұмыс нәтижесіне партия мен үкімет қолдау көрсетті. Латын жазуын қолдаушыларының арнайы «Жаңа түрік әліппесінің комитеті» құрылып, «Жаңа түрік әліпбиі» атты кітап бастыртып, мектептерде осы кітаппен оқытуды ұсынды. Сондай-ақ газеттерді бірте-бірте латын әрпімен басу мәселесін өз міндеттеріне жатқызды. Комитет мүшелері халық арасында баспасөз арқылы жаңа әліпбидің қалың бұқара үшін араб әрпіне қарағанда пайдасы мен қолайлылығын түсіндіріп, осы төңіректе пікір алмасуға шақырды....

Байқасаңыздар, достар, тарих толқындары қайталанып отырғандай.

Қазіргі қоғамдағы ой қозғалысы сол кезеңдегіні алдымызға алып келгендей.

Сол кезеңде жаппай бұқаралық әңгіме болған латын әліпбиін игеру мәселесінің жалғасы қалай өрбіді, қандай шешімдер қабылданды? Келесі жарияланымдардан латын әліпбиінің әрі қарай дамуы жайлы білетін боласыздар.

Scroll to Top