A+ R A-

IROSTrus2


Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Куантаева М.Е. [Часть 3] Латын әліпбиін игеру мәселелері

Қазақ әліпбиінің латын жазуына көшуін қоғам болып мойындадық. Ал енді сөзді іске асыру жолдарын іздестіру уақыты да келген болар.

Тиімді және қиындықсыз енгізу мүмкіндіктерінің бірі ретінде бұқара арасында «Үздік сандық электрондық оқулық», «Үздік мобилді қосымша», «Үздік үйретуші бағдарлама» тәрізді байқауларды ұйымдастыруды ұсынар едім. Одан қалды үздік дербес авторлық сандық білім-әдістемелік ресурстар көрмесі деп те іс-шара өткізілсе, адамдарды қамту көлемі де ұлғаяды, қоғамды құлақтандыру да үнемі жүріп тұратын болады. Осындай амалдарды қолдану латын әліпбиін игеруге өз үлесін қосар деген ойдамыз.

Интербелсенді үйретуші бағдарламалар, мультимедиялық технологиялар, электронды сөздік, бейнематериалдар, арнайы сайт,  сандық электрондық оқулықтар, ойын бағдарламалары, мобилді қосымшалар және т.б. ІТ-шешімдер қабылданса, бұл үдеріс жылдамырақ жүріп кетер ме еді!

Түрлі оқыту орталықтары, білім беру ұйымдары, ғаламторлық клубтар, жекелеген мұғалім, авторлық ұжымдар, шығармашылық топтар және т.б. – баршасы қоғамға өз өнімін ұсынып, байқауларға қатыса алады. Осы үдерісті қадағалайтын, басқаратын белгілі бір алқалы орган болып, әрі қарай дамытуы тиіс.

Жаңалығы, ғылымилығы, зияткерлігі жоғары мультимедиялық технология, электронды сөздік, бейнематериал, арнайы сайт,  сандық электрондық оқулық, ойын бағдарламасы, мобилді қосымша байқауда үздік атанатыны сөзсіз.

Бізге – тұтынушыларға керегі де сол. Сөйтіп, латын әліпбиін игеруді жеңілдетіп, жеделдетер едік.

21 ғасырдағы ақпараттық қоғамда техниканың құлағын бұрып тұрған адамдарға электронды немесе автоматтандырылған тұрпаттығы дерекөздермен жұмыс істеген ыңғайлы екенін жадымыздан шығармаған жөн. Ақпаратты қабылдауды арттыруда анимацияның, графикалық безендірулер кей кездері шешуші рөл атқарып кетеді. Ол жағы да түсінікті: көзбен көру - визуализация тәсілі, әсіресе, балаларға арналған ойын бағдарламаларында қолданған ұтымды. Сол латын әріптерін «жандандырып, тіл бітіріп» немесе баршаға мәлім «санамақ» түрінде беріліп жатса, әліпбиді игеру үдерісі қызғылықты қабылданады. Ертеден келе жатқан – бас әріппен басталатын аңдардың, заттардың, құбылыстардың атауларын суреттпен беру – оң нәтижесін беретіне күмән жоқ.

Латын әліпбиін игеруге үлес қосайық, белсенді болайық, көппен бітетін іс екенін ұмытпайық.

Қуантаева Мархаба Есмағамбетқызы, ф.ғ.к., филиал директорының орынбасары

Scroll to Top