A+ R A-

IROSTrus2


Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Куантаева М.Е. [Часть 4] Латын әліпбиін игеру мәселелері

Латын әліпбиін игеру немесе латындару тақырыбына қатысты материалдарды оқу барысында бұл мәселенің 90 жыл бұрын көтерілгеніне көзім жетті. Тіл мамандары, қайраткерлер, ұлт жанашырлары өз пікірлерін айтып, тіл болашағы – ұлт болашағына өздерінің алаңдаушылықтарын білдіріпті. Қазақтың ұлт қайраткерлері:  Ахмет Байтұсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Нәзір Төреқұлов және т.б. әліпби мен қазақша пән сөздері, ауыз әебиеті мұраларын жинау мен зерттеу, оқулықтар мен ғылыми-зерттеу кітаптарын шығару мәселелерін қызу талқыға салған екен. Сол кездегі көріністен үзіндімен бөліскенді жөн көріп отырмын.

Мемлекет қайраткері Нәзір Төреқұлов (1892-1937) «Латын әрпін алу тартысының жаңа бет алысы» мақаласында: неше жылдан бері латын әрпін алу туралы қазақ латыншыларының жүргізіп келе жатқан тартысы жаңа дәуірге аяқ басып отыр. Бұл дәуірдің бөлектігі – латын әрпін алу тартысы кеңес әлеуметшілігінің көкейіне кіріп, сондағы жұмысының бірі болып танылып отыр. ..... Қазақстанда жаңа қазақ әліпбиін мектепке, мемлекет кеңселеріне кіргізудің шараларын құрастыру тиіс. Бұл туралы істелетін жұмыс мыналар:

Жаңа қазақ әліпбиі комитеті комиссарлар кеңесінің жанынан ұйымдастырылсын;

Комиссарлар кеңесі жаңа әліпбидің қазіргі жобасын бекітіп, қабылдасын;

Қазақстанды ақырын-ақырын, жоспармен жаңа әліпбиге көшіру туралы Әзірбайжан, Солтүстік Кавказдың жолы секілді жол тұтынну шараларын қарастырсын.

Қазақ әлеуметшілдігі осыны асығыстықпен күтіп отыр.

                                         «Еңбекші қазақ», 1927ж., №206, 8 қыркүйек

 

1928 жылы желтоқсанда Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 6-шақырылған төртінші сессиясы “Латын алфавитінің негізінде жаңа қазақ алфавитін енгізу туралы” қабылдаған екен.

Байқасаңыздар, бүгінгінің көрінісі – тіл мамандарының, қоғам қайраткерлерінің, тіл жанашырларының талас-тартысы.

Латын әліпбиі сол жылдары қабылданған соң, қоғам 10 жыл ішінде оқып-жазып кеткендігін тағы білеміз. Ал қазіргі уақытты алатын болсақ, технологияның дамыған заманында бұл он жыл емес, латын әліпбиін игеру жеделдетілет деген ойдамын. Төрт том шығармаларды 4 күнде оқып шығу техникаларының барында латын әріптерімен оқып-жазудың техникасын ойлап шығаратын болар.

Қуантаева Мархаба Есмағамбетқызы, ф.ғ.к., филиал директорының орынбасары

Scroll to Top