A+ R A-

sertificate

IROSTrus2


Педагогический поиск №1
(28) март 2019

pedpoisk 1 2019

Архив журнала

Требования к статьям

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Куантаева М.Е. [Часть 5] Латын әліпбиін игеру мәселелері (2)

Өткен аптада латындару мәселесіне қатысты мемлекет қайраткері Нәзір Төреқұловтың жазып, тарихта қалдырған бірқатар ой-пікірлерімен сіздерді таныстырған болатынмын. Осы тақырып бойынша өткен ғасырдың материалдарын оқып отырып, мынандай әдебиет көзіме түсті:

«...3. Латынша әліпби болғанда ескі кітаптарымыз не болады дейді.

Жауап 3. Ескі кітаптарымыз тұра береді. Ескі кітаптар болмасын деген кісі жоқ. Бүгін декрет шығарып, ертең ескі жазуды бекер қылмақшы емеспіз ғой. Қазақтың барлық кітап байлығы 100 кітаптан аспайды. Қазақтың әдебиеті енді тауып келеді десек, қате болмайды. Қазақ арасында оқу-жазу білгеннің де саны 2 %-тен көп емес. Бұл себептен жаңа әліпбиді мектептен бастап ақырын-ақырын кіргізгенде мәдениетті істерімізге ешбір бөгет болмайды. Тек болашақта мәдениетіміздің тезірек көтерілуіне есік ашылады.

4. Хәріпті өзгертіп, латыншаға өту ерте дейді (Кемеңгерұлы, Мадияр һәм басқалар).

Жауап 4. Неге ерте? Неге кеш емес? Не себептен уақыт емес? Оны ашпай ерте дейді. Ескішілдердің тағы бір қызық мінезі бар екен. Кемеңгердің Хошмұхаметі сықылдылар құры пафостан басқа мынадай сөз қосып айтады: Латыншаның өзіне қарсы емеспіз. Білім кітаптары үшін тіпті жақсы жаңа әліпби, бірақ ерте. Қалың мал алу әдетін жою да ерте, қазақтың республика болуы да ерте. Мадияр, Хошмұхаметтердің лапылдап қарсы шығуы да ерте... Ерте емесін айтсам, Абдұлғафар сықылды қазақққа хан болса, ерте емес; қазақтың қызы айуандай сатыла берсе, ерте емес, мектеп жабылып, газет-журнал тоқтаса, ерте емес дейсіңдер ғой. Қазақтың қазіргі шаруа, қазіргі тұрмыс кезін Еуропа мұнан бір мыңша жыл бұрын басынан кешірді. Бірақ қазақ кейінде қалған, ол ерте, бұл ерте деп ең пайдалы жұмыстарды қылмай отыру керек пе? Әрине, жоқ!

Олай болатын болса, білім кітабына жараған әліпби жалпы жазу істеріне де жарайды. Тек өздеріңнің саналарың, ойларың жарамайды. «Ат» күшті жығып, жаңаны түсінбейсіңдер. Әдетке қарысып Стамбулдың электрлі көшелерінде шырақпен жүретін ескішіл түріктерге ұқсайсыңдар....»

Төреқұлов Н. Екі томдық шығармалар жинағы, Алматы: Алаш, 2004.- 82 б.

Құжат көлемді. Қазақстан тарихы немесе тіл білімі тақырыптары қызықтыратын адамдарға оқып-танитын мағлұмат мол. Латындаруға қатысты  жазылған материал да көп. Материалды  үзбей, жазу стилін сақтап, сол қалпында беруді жөн көрдім.

Осы бір үзіндінің өзі ойландырады. Сол 2024 жылғы мәдениет деңгейі, халық сауаттылығының көрсеткіші, зиялы қауымның толғанысы  беріліп отыр. Халқының тағдыры, болашағына жаны ашыған адамның пікірі. Қазіргі қоғамды алаңдатып отырған мәселелермен үндестігін байқаймын. Сол себепті сіздердің назарларыңызға осы материал ұсынылды. Ендеше, тарих кемшіліктерін қайталамайтындай сабақ алайық.

Қуантаева Мархаба Есмағамбетқызы, ф.ғ.к., филиал директорының орынбасары

Scroll to Top