A+ R A-

sertificate


Педагогический поиск №1
(28) март 2019

pedpoisk 1 2019

Архив журнала

Требования к статьям

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Куантаева М.Е. [Часть 6] Латын әліпбиін игеру мәселелері

Сонымен латын әліпбиі бекітілді, оны мектеп бағдарламасына енгізу кестесі де құрылып, бұқаралық ақпараттық құралдарда жарияланды:

2020ж. – 0-1 сын.

2021ж. – 0 – 1 – 2 сын.

2022ж. 0 – 1 – 2 – 3 сын.

2023ж. 0 – 1 – 2 – 3 – 4 сын.

2024ж. – 0 – 1 – 2 – 3 – 4 - 5 – 9 сын.

2025ж.  – 0 – 9 – 10 – 11 сын.

         Келесі қадам – латын әліпбиіне кім үйретеді, оқытатын мамандар қаншалықты дайын, оқу-әдістемелік құралдардың жеткіліктілігі ойландырады.

         Уақыт болса тығыз, әлі алдымызда қаншама атқарылар жұмыс тұр. Шапшаңдатамыз деп жүргенде сапасын ойсыратып алмаймыз ба?

         Білім беру жүйесінде латын әліпбиін енгізу түсінікті  болды, ал қоғамдық қатынастардың басқа салаларында латындандыру қалай  болмақ? Мәселен, мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу, жалпы құжат айналымын латын әліпбиіне көшіру қалай жүргізілмек?

         Одан қалды елді-мекендердің, жер-су атауларының, көшелердің және т.б. атаулардың, жалпы, ономастикалық бағыт қалай латындырылмақ?

         Саны көп сауал. Жауабы қашан, қандай болары ол да белгісіз.....

         Латын әліпбиіне көшуді ұйымдастырп-үйлестіретін орган - Ұлттық комиссия құрылғанын БАҚ-тан біліп жатырмыз. Ұлттық комиссия қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін төрт арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдапты:

Біріншісі – орфографиялық (қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруде орфография мен орфоэпия ережелерін дайындау үшін).

Екіншісі – әдістемелік (латын әліпбиін үйрету және оқыту әдістемесін жасап, оны білім беру жүйесіне біртіндеп енгізу үшін).

Үшіншісі – терминжасам (латын графикасының негізінде қазақ тілінің терминологиялық базасын жүйелеу үшін).

Төртіншісі – сараптамалық-техникалық (латын графикасын ІТ-технология талаптарына сәйкес келтіру үшін).

Енді осы жұмыс топтарының сапалы жұмыс нәтижесіне де куә болармыз....

Қуантаева Мархаба Есмағамбетқызы, ф.ғ.к., филиал директорының орынбасары

Scroll to Top