A+ R A-

sertificate


Педагогический поиск №1
(28) март 2019

pedpoisk 1 2019

Архив журнала

Требования к статьям

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Оспанова Б.Д. [Часть 1] «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында графикалық органайзерлерді қолданудың жолдары»

Бүгінгі күннен бастап «OrleuOnlineResources» жобасы аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында графикалық органайзерлерді қолданудың жолдары» айдары өз жұмысын бастайды. Бұл айдарды «Инновациялық технологиялар және ғылыми–жаратылыстану (гуманитарлық)  пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Балғаным Дүйсенқызы Оспанова жүргізеді. Әр аптаның сәрсенбі күндері осы тақырыпта пайдалы кеңестерімен бөліседі. Берілген кеңестер ұнаса лайк қойыңыздар. Берілген материал бойынша сұрақтарыңыз болса, сайтқа жазуларыңызға болады.

Жаңа заман талабына сәйкес берілетін білім белсенді әдіс-тәсілдерсіз тиімді игерілуі мүмкін емес. Сондықтан осы айдардағы мақалаларда оқушыларға тілді үйретуде графикалық органайзерлерді тиімді қолдану техникасы, оның түрлері,маңыздылығы мен қағидаттары ұсынылады.  

Графикалық органайзерлер дегеніміз не? Графикалық органайзерлерді қолданудың тиімділігі қандай? Графикалық органайзерлерді қолданудың негізгі ерекшеліктері неде?

Осы сұрақ төңірегіндегі мәселелерге  «Инновациялық технологиялар және ғылыми–жаратылыстану (гуманитарлық)  пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Балғаным Оспанова жауап береді.

Кілт сөздер: графикалық органайзерлер, маңызы, сабақ үдерісі, мұғалімдер үшін, есте сақтау, жүйелі пайдалану.

«Ойсыз оқу бекер, оқусыз ой қатер»

 Конфуций

 

Графикалық органайзерлерді әзірлеу және қолдану

 

Графикалық органайзерлерді (тірек-сызбаларды) пайдалану арқылы оқыту В.Ф. Шаталовтың технологиясына негізделіп жасалған.  

Графикалық органайзерлер ‒ білім алушыларға пәннің әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына мүмкіндік береді. Графикалық органайзерлерді пайдаланғанда сызбаның оқушы ұғымына сай болуына көңіл бөліну керек.

Графикалық органайзер – сабақтың бейне жоспары. Графикалық органайзерлерді пайдаланудың нәтижесі – тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – графикалық органайзерлерді пайдалану болып табылады.

Графикалық органайзерлерді қолданудың тиімділігі мынадай:

  • жүргізілген жұмыс нәтижеге бағытталады;
  • оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады;
  • мұғалім мен оқушы шығармашылықпен жұмыс жасайды;
  • оқушылардың өздігінен білім алуына, ізденуіне жағдай жасалады;
  • сабақ кезінде мұғалім уақытты ұтымды пайдаланады;
  • оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туады;
  • қиын мәтіннен негізгісін тауып алуға, көмектеседі;
  • теорияның негізгі түйінін таба білуге, оны дәлелдеуге үйретеді;
  • дағдыны сақтауды қалыптастырады;

Қазіргі қоғам талабына сай білім беру үшін жаңа педагогикалық технологияларды әр түрлі оқыту әдістерімен сабақтастыра жүйелеп, заманауи тиімді білім беру жүйесін жасақтай білуіміз керек.

Графикалық органайзерлерге ғылыми анықтама берсек ‒ білім алуда оны меңгеруге, есте сақтауда, талдауда білімнің көзі ретінде пайдаланатын сызба құрал.

Графикалық органайзерлерді қолданудың негізгі ерекшеліктері:

  • үнемі қайталау;
  • міндетті, кезеңдік бақылау жұмысы кезінде туындаған қиыншылықты жою;
  • жеке бағдарлы қарым-қатынасқа ықпал;
  • берілген технологияны барлық типті сабақтарға, оның әр түрлі кезеңдеріне қолдану мүмкіншілігінің жоғарылығы;
  • дәріс материалдары қысқарған түрде беріледі;
  • оқу бағдарламасындағы бірнеше тақырыпты қамтып, блоктау әдісі арқылы берілу мүмкіндігі туады.

Графикалық органайзерлерді пайдалана отырып, бірнеше көрнекі сабақ өткізуге болады. Қай сабақта болмасын – оқушы шығармашылығын дамыту, алға жетелеу, нәтижеге бағыттау негізгі мақсат болып табылады.

Графикалық органайзерлер ‒ оқу материалын оңай меңгеруге, ұзақ есте сақтауға мүмкіндік береді.

Графикалық органайзерлерді пайдаланудың мұғалім үшін артықшылықтары:

  • мұғалім оқыту технологиясын ұтымды пайдалануға дағдыланды;
  • кәсіби біліктілігі артады;
  • оқушыны үйрете отырып, өз ойын нақты, дәл жеткізеді;
  • топтық жұмыс жасауға мүмкіндік туады;
  • сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды;
  • оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады

Графикалық органайзерлерді қолданғанда жұмыс уақыты үнемделеді. Үнемделген уақыт жаттығулар орындауға, қиын тапсырмаларды орындауға, өткен тақырып көлемінде оқушылар білімін тексеруге қолданылады. Графикалық органайзерлерді жаңа материалды түсіндіруде, оны бекітуде, сыныптан-сыныпқа көшу, қорытынды бақылауына әзірленуде, бірыңғай ұлттық тестілеуге әзірленуде және білімді бақылау мен күнделікті бақылауда қолдануға болады.

Сабақтың қай түрі болмасын тірек-сызбаларын қолдану тиімді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында графикалық органайзерлер таптырмас көмекші құрал.

«Инновациялық технологиялар және ғылыми–жаратылыстану (гуманитарлық)  

пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Оспанова Б.Д.

Scroll to Top