A+ R A-

sertificate


Педагогический поиск №1
(28) март 2019

pedpoisk 1 2019

Архив журнала

Требования к статьям

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Ильясова А.Ш. [Часть 1] ШЖМ білім беру үдерісін ұйымдастырудың халықаралық тəжірибесі

 

Қазіргі таңда қазақстандық білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру. Себебі, республикамызда шағын жинақты мектептердің саны соңғы он жылда екі есе өсіп, мектептердің басым көпшілігін құрап отыр.

Дүниежүзілік тəжірибеде шағын жинақты мектеп ұғымы көп деңгейлі мектеп (бұдан əрі - КДМ) ретінде белгілі – бұл параллельді сыныптары жоқ,

оқушылар контингенті шағын мектеп, онда, əдеттегідей, екі, үш немесе төрт сыныптың оқушылары бір толымды сыныпқа біріктіріледі. Толымды сыныппен жұмысты бір мұғалім жүргізеді. Ондай мектептер көптеген елде, басым жағдайда, ауыл аймақтарында кеңінен таралған. Əрбір елде ондай мектептердің өзінің тағайындалуы болады, олар өзіндік білімділік тəжірибесі мен саясатын іске асырады.

Көпдеңгейлі оқытудың келтірілген шетелдік тəжірибесін талдау дəлел

болып отырғандай, барлық елдердегі КДМ мəселелері қазақстандық ШЖМ

жағдайымен бірдей:

1. əлсіз материалдық-техникалық база;

2. педагогтердің төмен мотивация деңгейі, дайындық деңгейіне

қойылатын жоғары талаптармен байланысты, еңбекақы төлеу жүйесінің тиімсіздігі, ШЖМ мұғалімін ынталандыру жəне əлеуметтік қолдау;

3. кадр тапшылығы жəне бірнеше пəннен беретін маман жоқтығы;

4. толымдылығы аз сыныптар мен əртүрлі жастағы біріктірілген сыныптарда оқытуға арналған арнайы əдістеменің жоқтығы;

5. оқу ресурстарының қолжетімді болмауы.

Олардың бірлесіп жасаған есебінде көрсетілгендей, шағын жинақты мектеп санының көптігі-ауылдық жерде жəне шалғай орналасқан елді мекенде білім беру қызметін көрсетудің экономикалық тиімді жүйесі болып табылмайды. Əр мектепке кететін шығын көлемі жоғары болады. Сондықтан ШЖМ жүйесін келесі жолдармен қайта құру ұсынылады:

 ШЖМ жабу немесе біріктіру, көлікпен қамту, мектеп-интернаттарға

орналастыру, АКТ көмегімен білім беру.

 Мектеп кластерлерін құру немесе жақын орналасқан көршілес мектептердің ынтымақтастығын арттыру, оған республикамыздағы ресурстық орталықтардың (тірек мектептері) жұмысы үлгі бола алады немесе ынтымақтастықтың басқа да мүмкін болатын жолдары.

 Көршілес бірнеше ШЖМ-ді бір білім басқармасына қарасты бірыңғай басқарушы команда басқаратын «серіктес» мектептерге айналдыру.

 Шалғай жерлерде қолжетімділікті қамтамасыз етіп, жəне білім сапасын арттыру үшін қашықтықтан оқыту.

Дания, Англия, Финляндия, Франция, Венгрия, Корея, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Солтүстік Ирландия, Норвегия, Португалия, Шотландия, Швеция мектептердің ынтымақтастығын арттыруды жəне кластер құруды шағын ауылдық мектептердің тиімсіздігін жоюдағы құрал ретінде қарастырады.

Польшада  жылдық бастауыш мектеп базасында 3 жылдық оқыту циклы бар гимназия желісі құрылды.  АҚШ-та  «Саяхаттаушы мұғалім» концепциясын жүзеге асырылуда.  «Mała szkoła» бағдарлама аясында мемлекеттік міндетті нормативтік құжат тізіміне сəйкес қаражатты қысқарту үшін ауыл мектептерін ата-аналар бірлестігі басқара алады.

Финляндияда ауыл мектептерін құтқару үшін «Ауыл қозғалысы» ұйымы құрылған жəне жұмыс істейді. Мысалы, балаларды жүз шақырымға дейін

мектепке тасымалдайды. Балаларды тасымалдау үшін арнайы такси жалдайды,оның шығындарын муниципалитет төлейді. Оқушының саны 12 адам болғанда кейбір пəндерді оқыту біріктірілген сыныптарда бір мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.

Франция əртүрлі жастағы топтардың оқушыларымен өзіндік жұмыс өткізу жəне ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру мəселелеріне көп көңіл бөледі, бұл жұмыс шағын жинақты мектептердегі оқыту процесінің негізгі түрін құрайды.

Швеция. Ауыл мектептері «Rektorsomrade» аясында кластерлерге топтастырылады немесе «директордың территорияларына» топтасады.

Австралияда оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандары:

- Шағын жинақты мемлекеттік мектептер (10-15 əртүрлі жастағы білім алушылары бар), көбінде тек бір мұғалімнен ғана бар;

- Мектеп-интернаттар, балаларды тасымалдауды қоса Үкіметтің есебінен қаржыландырылады;

- Мектеп автобустарымен тасымалдау ұйымдастырылған;

- Қашықтықтан оқыту радиобайланыс, интернеттің көмегімен іске

асырылады;

-Ірі мектептермен ынтымақтастық, бұл тəсіл ШЖМ жабылудан сақтайды.

Осылайша, түрлі елдердің тəжірибесі ауылдық жерде оқытуды ұйымдастыру саясаты мен стратегиясының мектепті қысқарту жəне ірілендіруден бастап, тасымалдауды ұйымдастыру, бірлестіктер, əр түрлі нысанда басқарылатын қоғамдастықтар құру сияқты сан түрлілігін көрсетті.

Бірақ шалғайдағы жерлерде орналасқан мектептерді не істеуге болады? Оларды жабуға, біріктіруге болмайды, қашықтығы мен оқшаулығына байланысты тасымал ұйымдастыру қиын. Ауылдық жерлерде оқытуды ұйымдастырудың ең тиімді формалары, көпжылдық тəжірибе көрсеткендей,-қашықтықтан оқыту, яғни радио, теледидар көмегімен жəне - қазіргі заманғы түрі - интернет арқылы.

Қашықтықтан оқыту нысандары кəсіби көмек сапасын қамтамасыз ету үшін кеңейтілген құрылымды көздейді. Бүгінде əртүрлі елдерде, сондай-ақ ерекше кəсіптік білімділікті дамыту бағдарламасы (əдетте қашықтықтан) ШЖМ мұғалімдеріне арналған тьюторларды қашықтықтан оқыту жəне радиобайланыс немесе компьютерлік байланыс көмегімен мұғалімдерді үйретеді. Мәселен, Бразилияда  ШЖМ оқушылары мұғалімдер арқылы "Educopedia" -сандық алаңында веб-сабақтарға қатыса алады, сабақ мектеп бағдарламасына сəйкес жүргізіледі.

Шағын жинақты мектептерде оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, отандық тәжірибесімен келесі мақалада таныс боласыздар.

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»

кафедрасының аға оқытушысы А. Ильясова.

Scroll to Top