A+ R A-

sertificate


Педагогический поиск №1
(28) март 2019

pedpoisk 1 2019

Архив журнала

Требования к статьям

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Ильясова А.Ш. [Часть 2] Жаңартылған білім мазмұны жағдайында ШЖБМ біріктірілген сыныптарында оқу үдерісін ұйымдастыру

ШЖМ-дің негізгі ерекшелігі - біріктірілген сыныптарда əртүрлі жастағы білім алушылардың оқытылуында. Əртүрлі жастарды білім алушыларды қамтитын біріктірілген сыныптардың өз қиыншылықтары бар: педагог оқу үдерісін түрлі жастағы біріктірілген сынып оқушыларының бір сабақта екі, ал кей жағдайда – үш пəннен де толыққанды білім алатындай құруы тиіс. Ол үшін сабаққа екі есе (үш есе) дайындалып, сонымен қатар екі (үш) сабақ жоспарын біреуіне кіріктіріп, оқу үдерісінде балалардың түгел оқу қызметімен қамтылуын қамтамасыз етуі қажет.

ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап орта мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖБМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

 - егер мұғалім ШЖБМ математика,  қазақ тілі, ана тілі, дүниетану, жаратылыстану сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;

ШЖБМ (шағын жинақты бастауыш мектеп) практикасында оқу құралдарын қолдануда негізгі қарама-қайшылық – толық, тұтас сыныпты оқытуда қолданылатын оқыту әдістемесінің шағын мектепте оқытуда қолайсыздығы. ШЖБМ өзіндік ерекшелігін ескеріп, онда қолданылатын оқу құралдары мен дидактикалық материалдар ауыл балаларының тәжірибесіне бейімделіп, бастауыш сынып балаларының өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік берілетіндей етіп ұйымдастырылуы керек.

Шағын жинақты мектеп өзінің білім беру əрекетінде келесі ұстанымдар мен тəсілдерді басшылыққа алады:

− білім алушылардың əртүрлі жаста екендігін ескеру;

− бір пəндік жəне бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқыту сабақтарын ұйымдастыру;

− біріктірілген сыныптар үшін сабақ кестесін тиімді етіп құрастыру;

− даралап жəне саралап оқыту;

− оқу процесінің технологиясы мен мазмұнының бейімделуін жəне вариативтілігін жүзеге асыру;

− білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту;

− тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мəдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескеру;

− білім алушылардың оқу барысындағы бір-біріне өзара көмектесуі жəне ынтымақтастығы.

Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда сабақтың жылжымалы кестесiн қолдану ұсынылады. Сыныптарды біріктіру екі есе дайындалуды, сондай-ақ екі сабақ жоспарын бір жоспарға біріктіруге жəне сабақ барысында барлық білім алушылардың толық əрекеттілігін қамтамасыз етуге негізделген арнайы жоспарлауды талап етеді. Əртүрлі жастағы білім алушыларға өзіндік жұмыс ұйымдастыру оқу материалының мазмұнын тиянақты саралауды талап етеді. Əр сыныптың бағдарламасына сəйкестік деңгейін, білім алушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, қосымша үлестірме материалдар əзірленеді. Мысалы, 2-сыныптағы жазу жəне математика сабақтарындағы бағдарламаға сəйкес өзіндік жұмыстардың рұқсат етілген ұзақтығы 15-25 митуттан артық емес.

«Қолданыстағы жəне жаңартылған бағдарламалар бойынша ШЖМ біріктірілген сыныптарында білім алушыларға оқу процесін ұйымдастыру механизмі» әдістемелік құралда қолданыстағы жəне жаңартылған бағдарлама бойынша біріктірілген сыныптарға сабақ беретін ШЖМ мұғалімдеріне ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ дайындауға байланысты тиімді əдістемелік ұсынымдар жақсы берілген.

Мысалы, қазақ тілі пəнінде жаңартылған бағдарлама сөйлеу əрекетінің тілдік дағдыларын (тыңдылым,айтылым,оқылым,жазылым) оқу мақсаттарына сəйкес жетілдіруге, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикеттерін қолдануға бағытталған. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі «шиыршықты» принциппен берілуі жəне сынып өскен сайын тілдік мақсаттың күрделенетіндігі. Қолданыстағы оқу бағдарламасының мазмұны тақырыптармен берілген, сондықтан қолданыстағы жəне жаңартылған оқу бағдарламаларының құрылымы ерекшеленеді. Мысалы 2-ші жəне 3-ші біріктірілетін сыныптар үшін қазақ тілі пəнінен мұғалім екі сыныпқа мəтінмен бірлесіп жұмыс ұйымдастырып, бірақ əр сыныпқа тақырыпқа сəйкес тапсырмалар беруі мүмкін. Нақты сабақ барысында 3-сынып оқушылары мəтіннен жалаң жəне жайылма сөйлемдерді анықтаса, 2-сынып оқушылары сол сөйлемдердің түрлерін анықтауы мүмкін. «Əдебиеттік оқу» пəнінен 2-4 біріктірілген сыныптар үшін де сағат сандарының сəйкестігі мен оқу материалының мазмұнына байланысты 2-3 біріктірілген сыныптарға арналған үлгі ұсынылады. Яғни, 2-ші сыныптарда оқу жылындағы оқу материалының көлемі аптасына 3 сағат жəне 4-ші сыныптардағы оқу материалдарының көлемі аптасына 4 сағат болуына байланысты, 102 сағаттық оқу материалын (аптасына 3 сағат) ұзақ мерзімді оқу жоспарын жасау арқылы біріктіріп оқыту, 4-сыныптағы артық 34 сағатқа арналған оқу материалын (аптасына 1 сағат) сабақ кестесін реттеу арқылы бөлек өткізу ұсынылады.

Оқу материалының негізгі бөлігінің сəйкес келуіне байланысты 2,3-біріктірілген сыныптарға арналған «Дүниетану» жəне «Жаратылыстану» пəндері бойынша жоспарларды əзірлеуде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жасалған 2-сыныптың «Жаратылыстану» пəні бойынша ұзақ мерзімді жоспарын басшылыққа алу ұсынылады.

«Математика» пəнінен 2-ші жəне 3-сыныптардың сағат санында айырмашылық бар. 3-сыныптағы аптасына 1 сағатқа сəйкес келетін артық 34 сағаттық оқу материалын, сабақ кестесін реттеу арқылы, бөлек өткізу ұсынылады.

Біріктіру алгоритмі кезеңді, оқу мазмұнын салыстырудан жəне күнтізбелік жоспарды ескере отырып, бағдарламаны тақырыптық сəйкестендіруден тұрады.Тақырыптар сəйкестігі болмаған кезде, қазіргі кездегі интерактивті технологиялармен саралап оқыту əдісін қолдану ұсынылады.

 

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы А.Ильясова

Scroll to Top