A+ R A-

IROSTrus2


Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Оспанова Б.Д. [Часть 2] Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында графикалық органайзерлерді қолданудың жолдары

Қайырлы күн, құрметті оқырмандар! «OrleuOnlineResources» жобасы шеңберінде «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында графикалық органайзерлерді қолданудың жолдары» айдарымен мақалалар ұсынуды жалғастырамын. Назарларыңызға алғашқы дәрісімде уәде еткендей графикалық органайзерлердің екі түрін ұсынып отырмын. Оларды сабақта пайдалану тиімді деп есептеймін.

Сұрақ қою, оны түсіну дәрежесін бағалау және оқушылардың жауабына қарай әрекет ету мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді. Блум таксономиясы бойынша жоғары деңгейдегі ойлауды қажет ететін ашық сұрақтарды көбірек қойып, оқушыларды белсенді әңгімеге тартуға, осылайша сабақта оқушының сыни ойлауын табысты дамытуға болады. Қазіргі ғарыштап дамып жатқан өзгермелі әлемде балаларды тек осындай әрекеттер ғана өмірге бейімдей алады.

Сұрақ қою

Ескерту. Кейбір оқушылар жауабы оңай қарапайым сұрақтар құруы мүмкін. Қабілеті жоғары оқушылар кең көлемді, шығармашылық сұрақтар құруы мүмкін.

Мысалы:

Негізгі сұрақ

Етістік деген не?

Қосымша сұрақтар

Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

Етістіктің қандай түрлері бар?

Оқушылар құрастырған сұрақтарын басқа топтарға айтады және талдайды. Тақырыпқа қосымша сұрақтар құрастырады

Анықтауыш сұрақтар

Алдыңғы сұрақтардың жауаптарын жазып, одан тағы да сұрақтар туындатады.

Берілген материалдар мұғалімдердің тәжірибесінде қажетіне жарайды деп есептеймін. Сіздерге ұнаса лайк қоюларыңызды және комментарий жазуларыңызды сұраймын.

Scroll to Top