A+ R A-

sertificate

IROSTrus2


Педагогический поиск №1
(28) март 2019

pedpoisk 1 2019

Архив журнала

Требования к статьям

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Ильясова А.Ш. [Часть 3] ШЖМ біріктірілген сыныптарда интербелсенді әдістерді қолдану тиімділігі

Қайырлы күн, құрметті оқырман. Шағын жинақты мектеп жағдайында педагогикалық технологияларды қолданудың қандай  тиімділіктері бар? Сабақ кезеңдеріне сәйкес біріктірілген сыныптарда оқу үдерісін ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді қалай іріктеуге болады? Бұл және т.б. сұрақтарға төмендегі сілтемені басу арқылы МДТжББ кафедрасының аға оқытушысы Ильясова А.Ш. мақаласымен танысқаннан кейін жауап аласыздар.

Сұрақ қойыңыздар, пікір жазыңыздар, бізбен бірге болыңыздар!  Лайк қоюды да ұмытпаңыздар.

           

Ж.Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан  жаңаны табатын өнер», -деген екен.Ұлт болашағына жаны ашитын әрбір мектеп мұғаліміне  қазақ тілін оқыту үрдісін жетілдіріп, оны ұйымдастыруға аса жауапты міндет жүктеледі. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу –оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Мұғалім уақытты өткізу үшін әдістер қолданбайды, сабақ мақсатына жету үшін әдістер пайдаланады. Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес.

Шағын жинақты мектеп жағдайында  жаңа технологияларды қолданудың төмендегідей тиімділіктері бар:

1.     түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

2.     оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

3.     олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

4.     оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

5.     оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;

6.     оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

7.     жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.Д.Қараев), жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г.Г.Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ.А.Әбдіғәлиев., Н.Н.Нурахметов), блоктық-модульдық технологиясы (М.Н.Жанпеисова) қолдау табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын жинақталған мектептер жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.

Әрбір мұғалімнің басты міндеті – оқушыларға белгілі бір білім жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын. Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді әдістерге:

1. Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы – сабаққа эмоционалдық бетбұрыс (эпиграф, сахналанған көрініс, бейнеүзінді, ребус, жұмбақ, анаграмма), мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді айқындау. 2. Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру. Сабақта қолданылатын проблемалық жағдаяттардың типтері: күтпеген нәрсе жағдаяты; шиеленіс жағдаяты; белгісіздік жағдаяты; болжам жағдаяты; таңдау жағдаяты. 3. Релаксацияны және қорытынды шығаруды ұйымдастыру. 4. Оқу материалының презентациясы – ақпараттық технологияны, электронды оқу құралдарын, интерактивті тақтаны және т.б. пайдалану. 5. Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану. 6. Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану: «жобалар әдісі», «миға шабуыл», «пікірталас», «түрлі кейіпкерлерден сұхбат алу», т.б. жатады.  ШЖМ оқу үдерісін ұйымдастырғанда сабақтың әр кезеңінде қолданылатын белсенді әдістерге көп мән беру керек. Мәселен, ұйымдастыру кезеңдерінде: 1. «Күншуақ», «Шынтақпен сәлемдесу», «Жеміс бағы»; Жаңа сабақтың презентациясындағы белсенді әдістер:  «Автобус аялдамасы» әдісі,  «Ақ бет» әдісі , «Жер, ауа,от және су»; Сабақты қорытындылаудағы белсенді әдістер: «5 – 5 – 1» әдісі, «Мейрамхана» әдісі, «Сократ стиліндегі әңгіме» әдісі, «Идеялар кілемі» т.б. әдістер.

Нақты мысалдар келтірсек:

ШЖМ қызықты тартымды сабақ жүргізу тəсілдерінің бірі, «Ақылдылар сарабы» əдісі болып табылады. Мұнда, тəсілді қолдану білім беру деңгейлеріндегі біріктірілген сыныптарда əр сыныптағы оқушылардың санына тəуелді болады. Оқушылардың саны аз болған жағдайда, 5+6, 7+8, 6+7 тəртібімен біріктірілген сыныпта өтуге болады. Осылай біріктірген кезде, бір пəн, бір тақырып қағидасының негізінде мазмұны бойынша ұқсас тақырыптарды пəнішілік біріктіру жолымен оқыту мүмкін.

Мәтінмен жүйелі талдағанда «Шұғыл сурет» стратегиясы тиімді. Шарты: берілген мəтіннен мүмкіндігінше көбірек ақпаратты қабылдайды. Топ мүшелері əрқайсысы есінде қалған ақпаратты қағаз бетіне түсіре отырып, мəтінде берілген толық ақпаратты қалпына келтіру керек, топ мүшелерімен айтылған мəтінді талқыға салу.

Жаңа материалды түсіндіріп болған соң , мұғалім оқушылардан сұрақтарыңыз ба ма деп, жиі сұрайды. Алайда көп жағдайда оқушылар бұл сұрақтарды елей бермейді. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады? Сондықтан «Араның ұясы» атты педагогикалық əдісті пайдаланып біз осы мəселені түпкілікті шеше аламыз. Мұғалім оқушыларға тапсырма береді: жұппен кімнің не үйренгені жайлы пікір алмасып, өздері жазған коспектіні жəне оқулықты пайдаланып, білгілері келген екі сұрақты тұжырымдайды.

Осылайша, жаңа əдіске сүйене отырып, мұғалімнен алған ақпаратты өңдеу қамтамасыз етіледі. Одан бөлек, жаңа тақырыпты меңгеру барысында оқушылардың қандай қиындықтарға тап болғанын мұғалім еркін, əрі айқын көре алады.

Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар төмендегі әдіс-тәсілдерді де ШЖМ педагогтері сабақтарда қолдануда.

*Иллюстрациялап түсіндіру әдісі – бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланатын басқа құралдарды (оқулықпен, интерактивті тақтаны, түрлі суреттер мен кестелерді, буклеттерді және көркем әдебиетті) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалімде, оқушыларда қызмет жасайды. Соның нәтижесінде оқушылар өздігінше жұмыс жасауға үйренеді.

*Ақпаратты – рецептивті әдісі – әңгіме, әңгімелесу, экскурсия түрінде, ауызша және жазбаша жүзеге асырылады. Білімді әңгімелеу негізінде оқулық бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс мұғалімнің басшылығымен, оқулық, құжат, сурет, әңгіме экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады.

*Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі – бұл әдісте оқушылардың белгілі бір ұжымдық бөлігі түрлі театрландырылған көріністер көрсету арқылы жүзеге асырылады. Осы әдісті пайдалану нәтижесінде оқулықтан оқыған материалдарын театр көріністері арқылы нақтылы түсінуіне мүмкіндік береді.
*Топтық жұмыс дағдыларын дамыту әдісі (іскерлік ойындар). Кез-келген іскерлік ойынының негізгі ойынды өткізу уақытындағы нақты жағдайларды имитация жасау процесі болып табылады. Іскерлік ойын екі бөліктен тұрады.

1.Ойын модельдері;

2.Ойындар;

3.Имитациялық ойындар. 
Әдіс ретінде имитациялық ойын өзіне ойын элементтерін енгізетін көптеген оқыту стратегияларында қолданылып келеді.

Бұған енетіндер:

- рольдік ойындар

- тартысты ойындар

- шешім қабылдауға арналған ойындар

Бүгінгі таңда білім берудің жаңартылған мазмұнға көшу процесі ШЖМ-дің біріктірілген сыныптарына үлкен салмақ түсіре отырып, бейімделу кезеңін бастан өткеруде. Сондықтан педагогикалық тәсілдемелерді, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттыруда көп септігін тигізеді. Келесі мақалада ШЖМ өздігінен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарымен танысасыздар.

Ильясова А.Ш., «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»

кафедрасының аға оқытушысы

Scroll to Top