A+ R A-

sertificate


Педагогический поиск №1
(28) март 2019

pedpoisk 1 2019

Архив журнала

Требования к статьям

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Оспанова Б.Д. [Часть 4] Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында графикалық органайзерлерді қолданудың жолдары

Қайырлы күн, құрметті әріптестер! «OrleuOnlineResources» жобасы шеңберінде білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының түйінді идеялары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым тілдік дағдыларын жүзеге асыруда графикалық органайзерлерді тиімді пайдалану және маңызын түсіну туралы мақаламды ұсынамын.

Графикалық органайзерлердің пайдасы неде? 2003 жылы АҚШ-тағы білім берудегі зерттеуді ілгерілету институты ғалымдармен жүргізілген 29 зерттеудің қорытындысы графикалық органайзерлерді қолдану білім алушылардың бірнеше бағыт бойынша көрсеткішін жақсартатынын анықтаған. Дәлірек айтсақ:

  • ақпаратты шағын мәтін ретінде және визуалды түрде берсе оны есте сақтау жақсарады;
  • ақығанды түсіну деңгейі жақсарады;
  • оқытуда қиындықтары бар оқушылардың үлгерімі жақсарады;
  • сыни тұрғыда ойлау дағдылары дамиды.

Графикалық органайзерлерді қолдану педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру міндетін атқаруда да мақсатты қызмет етеді.

Графикалық органайзер мұғалімге сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Әсіресе білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасына көшу кезеңінде білім алушылардың топпен жұмыс жасауға, білімін шығармашылықпен қолдануға және мәселені шешуге, коммуникативтік, ғылыми-зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруда маңызды және өзекті болып отыр. Тәжірибеде концептуалды органайзерлердің бір түрі Кубиктер стратегиясын ұсынамын.

Концептуалды органайзер

Кубиктер стратегиясы – кубик стратегиясы үдерісінде ойлау дәл Блум зерттеуі бойынша жүргізіледі. Кубик 15х20. Кубиктің әрбір қабырғасына мына сөздер жазылады: Сипаттаңыз, Салыстырыңыз, Ой толғаңыз, Талдаңыз, Ұсыныңыз, Дәлелдеңіз(жақтаймын не қарсымын). Оқушылар 2-3 минут ішінде берілген тақырып бойынша жазады немесе сөйлейді(оқу мақсатына сәйкес).

  1. Сипаттаңыз- объектіге жақындап, не көріп тұрғаныңызды сипаттаңыз(түсі, түрі, көлемі, т.б.)
  2. Салыстырыңыз –не нәрсеге ұқсайды? Өзгешелігі неде?
  3. Ой толғаңыз - бұл не үшін керек? Ойыңызға не келеді? Бұл орын, адамдар сондай –ақ,  әртүрлі немесе ұқсас нәрселер болуы мүмкін.
  4. Талдаңыз – ол қалай жасалғанын айтыңыз.
  5. Ұсыныңыз – онымен не істеуге болады? Ол қалай қолданылады?
  6. Дәлелдеңіз – қарсы не келісетініңізді дәлелдеп айтыңыз.

Сіздерге ұнаса лайк қоюларыңызды және комментарий жазуларыңызды сұраймын.

 

Мақаланы дайындаған «Инновациялық технологиялар және ғылыми–жаратылыстану

(гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының

аға оқытушысы Оспанова Б.Д.

Scroll to Top