A+ R A-

IROSTrus2


Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Ильясова А.Ш. [Часть 4] Шағын жинақты мектептерде өзіндік жұмысты ұйымдастыру жолдары

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары.

Шағын құрамды бастауыш мектептерде екі немесе үш сыныпта қатар сабақ өтіп жатқанда екіншісіне өздігінен жұмыс орындауға мүмкіндік туып, ұжымдық, топтық жұмыстар жүргізіледі. Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы мұғалімнің түсіндіруі мен өздік жұмысты ұштастыруына байланысты. Түсіндіру нақтыландыратын мысал, қосымша ой-пікірлерсіз қысқа болу керек.

Мұғалімнің мақсаты:

• әр сыныппен істейтін жұмысына уақытты дұрыс бөлу;

• таным процесінің жүйесін бұзбау;

• оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте сақтауларын ынталандыру;

• барлық сыныппен бір мезгілде тәрбие жұмысын жүргізу;

• білімнің негізгі мазмұнын меңгерту.

Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. 2-сыныпта − 5-10 минут, 3-сыныпта − 10 минут, 4-сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі. Мұғалім оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындауы керек.

Өздігінен орындайтын жұмысты ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды.

Алыс шет елдердегі оқу процесін, өзіндік жұмысты ұйымдастырудың бірнеше мысалдарын келтірейік:

Колумбия: балалар Escuela Nueva бағдарламасымен бірге, өзін-өзі оқытуға арналған нұсқаулықтың көмегімен оқиды.

Англия: 19-шы ғасырда қалыптасқан тəлімгерлік жүйе бойынша, білім жетістігінің деңгейіне қарай топтастырылған оқушылар тəлімгердің басшылығымен оқытылады. Бір оқытушы тəлімгерді үйретеді жəне бақылайды, ал тәлімгер сыныпта өзіндік жұмысты бақылайды.

Непал: шағын КДМ-де оқушы мұғалімнің жеке сүйемелдеуіне ие болады, мұнда сыныпта оқушылардың саны аз болады.

Перу: балалар мектепте қалып оқиды, қыз балалар бірге оқиды.

Шри-Ланка: бір мұғалім үш сыныпқа жауап береді, ауылдық жердегі уақытша сынып бөлмесінде оқытады, 1-сынып оқушылары көпдеңгейлі сыныпта басқаларымен бірге жұмыс жасайды, сондықтан өзіндік жұмысты ұйымдастыруда қиыншылықтар туындайды.

Теркс и Кайкос аралдары: мұғалім тақтаның бетін екі сыныпқа арнап бөледі: оқушылар сараланған деңгейде жеке тапсырмалар орындайды жəне топтық жұмыстар жасайды.

Вьетнам: мұғалім басқаларымен жұмыс жүргізіп отырғанда, тəлімгер өзіне бір сыныптың жауапкершілігін алып, жеке, жұптық, топтық жұмысты ұйымдастыра алады.

Педагог біріктірілген сыныптарда өзіндік жұмысты ұйымдастырғанда мына шарттары ескеруі қажет:

- мұғалімнің нақты тапсырмаларды (нұсқаулар) беруі;

- жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

- оған әсер ететін мотивтер;

- оқушылардың қызығушылығын тудыратын энерджайзер-жаттығулар, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану;

Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:

а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).

ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).

Сонымен қатар жұмысты оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттау керек, яғни мұғалім тарапынан қолдау, құрал-жабдық, дидактикалық материалдарды іріктеп, ұсыну т.б. Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.

Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, мұғалім тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелуі керек.

Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Жаңартылған білім беру мазмұнына сай тиімді бағалау стратегияларын қолдануы керек. ШЖМ бағалау үдерісі қалай жүреді, қалыптастырушы бағалаудың қандай стратегияларын қолданған тиімді, осы, т.б. сұрақтарға келесі материалда жауап аласыздар.

 

Ильясова А.Ш., «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»

кафедрасының аға оқытушысы

Scroll to Top