A+ R A-

IROSTrus2


Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Ильясова А.Ш. [Часть 5] ШЖМ біріктірілген сыныптарда оқу жетістіктерін бағалаудың тәсілдері

001Оқыту үдерісінің маңызды компоненттерінің бірі – оқушылардың білімін бағалау және есепке алу. Олар оқу үдерісін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты.

Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан гөрі кең ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным процесіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді. Осы орайда қалыптастырушы бағалау басқа бағалау әдістеріне қарағанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын дамытады.

Қалыптастырушы бағалау жиынтық бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты жылдам қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін-өзі бағалау– өзіне-өзі баға қоймаумен, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі. Ол тапсырманы орындау үдерісі сипаттамасымен, яғни оның оң және теріс жақтары, әсіресе, ұпайлармен тығыз байланысты.

Мұғалім оқушыға өзін-өзі бағалаудың төмендегідей алгоритмін ұсына алады:

1. Тапсырманы орындауда нені жасау қажет? Мақсат қандай болды? Қандай нәтиже алу қажет болды? 

2. Нәтиже алу мүмкін болды ма? Шешу жолы, жауабы табылды ма? 

3. Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателер жіберді ме?

4. Толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме? 

5. Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды? Егер тапсырманы орындай алмаса, онда қандай қателер жіберілді және бұл қиындықтар неден туындады? 

Әр мұғалім сабақ барысында оқушылардың кез-келген сабақтың соңында міндетті түрде қандай әсер алғанын анықтау үшін рефлексия жасатып, оны стикерге жазып ілдіру, эссе жазғызу, «Қосу, алу, қызықты», «Білемін, үйрендім, білгім келеді, «Бағдаршам», «Нысана» т.б. әдістерін және смайликтерді, белгілерді қолдану арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіп отыруы қажет.

Ауызша бағалау барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Мұғалім тарапынан немесе оқушылар өзара бағалауда «Екі жұлдыз, бір тілек», «Мадақтау сэндвичі», «Гамбургер», «Дана үкі», т.б. әдістерді қолдануға болады.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында зерттеуге негізделген пән-жаратылыстану, математика сабақтарында «Су таразысы» әдісін қолдануға болады. Шарты:бөлменің ортасында орталай су құйылған «+», «-» белгісі бар ыдыстар қойылады. Қатысушылар кезекпен келіп, жұмысқа, жаттығуға өз бағаларын айта отырып, «-» белгісі бар ыдыстан «+» белгісі бар ыдысқа су құяды. Не болмаса керісінше.

Тиімді жазбаша қалыптастырушы бағалау, кері байланысты ұйымдастырғанда символ, шартты белгілерді ұсынуға болады (жас ерекшеліктеріне сай).

Қателерді жоюға арналған шартты белгілер:

▲-өзіндік баға беру

ⱷ - салыстыру

╞ - басқа нұсқа ұсыну

◄ - тапсырма шартын мұқият оқып, дұрыс орындау

¬ - логикалық қатені түзеу

× - жаңылысып кеттіңіз, басқа жолын, амалын қарастыру

Жұмысты жақсартудағы шартты белгілер:

  - бұл ойды дамытыңыз

т - термин, ұғым, заңдылықты дұрыс түсіндіру

[ ] - тақырыппен байланыс

Тілдік дағдыларды дамытуға арналған тапсырмалардағы шартты белгілер:

Г –грамматикалық қате

I –орфографиялық қате

V – пунктуациялық қате

СТ –стилистикалық қате

Z –азат жолға қатысты қате, т.б.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау туралы отандастық педагогтерден басқа, мәселен, И.С.Фишманның еңбектерімен танысып, көп мағлұмат алуға болады. Бағалаудың қосымша түрлері, тиімді стратегияларымен танысқыларыңыз келсе пікір жазыңыздар, сұрақ қойыңыздар.

 

Ильясова Акмарал Шатиковна, «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы

Scroll to Top