A+ R A-

IROSTrus2


Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Оспанова Б.Д. [Часть 6] Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында графикалық органайзерлерді қолданудың жолдары

Құрметті әріптестер! Бүгін  «OrleuOnlineResources» жобасы аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында графикалық органайзерлерді қолданудың жолдары» айдары бойынша берілген  соңғы «Графикалық органайзерлер ойлаудың визуалды құралы ретінде» мақаламды назарларыңызға ұсынамын.

Жағымды уәж құру – жаңашыл мұғалімнің міндеттерінің бірі. Жұмыс барысында оқушылардың жағымды көңіл –күйде тапсырманы орындауы маңызды. Сондықтан жаңа әдістердің бірі - visual learning технологиясын қолдану тиімді болып табылады. Мәтіндегі  ақпаратты құрылымдай және формалай білуін қалыптастыруға инфографика көмектесе алады. 

Инфографика – хабарды, ақпаратты, білімді графикалық тәсілдер арқылы ұсыну.

Инфографика деп қандай да бір оқиғаны сипаттау немесе деректерді жеткізу мақсатында кез-келген мәтін мен графиканың үйлестіріліп берілуі.

Инфографика – бұл ақпаратты визуалды түрде ұсыну. Көбінесе қиын ақпаратты тез, оңай және анық жеткізу қажет болғанда қолданылады.

Инфографиканың қолдану аясы өте кең: ол географияны, журналистиканы, білім саласын, статистиканы, техникалық мәтіндерді қамтиды. Инфографика кең көлемді материалдарды ұйымдастырумен бірге, заттар мен фактілердің байланысын, ара салмағын уақыт пен кеңістікті көрнекі түрде көрсете алады.

Ақпараттар тасқыны күшті жаңа заманда осындай тәсілдер таптырмайтын құрал деуге болады. Оқушыларды мәліметті беруде осындай тәсілдермен жұмыс жасауға үйрету керек. Диаграмма, байланысты білдіретін сызбалар, тірек сызбалар, интербелсенді ақылды карталар сияқты тәсілдер ойлауды визуалдандыруға жатады.

Инфографиканы табысты ететін бірнеше аспектілерді назарларыңызға ұсынамын:

  • Жаңашылдық
  • Тақырыптың түсініктілігі, тартымдылығы
  • Әдемі, дизайнның тиімділігі
  • Сандардың өздігінен ақпарат беруі
  • Эмоционалды түстер
  • Сапалы диаграмма
  • Масштабын ескеру
  • Тарихын құру
  • Қызықты фактілерді таңдау
  • Визуалдандыру.

Мысал ретінде интернеттен алынған  ресурсты назарларыңызға ұсынамын:

003

Әріптестер, графикалық органайзерлерге арналған кеңесімді аяқтаймын. Сіздерге ұнаса лайк қоюларыңызды және комментарий жазуларыңызды сұраймын.

Мақаланы дайындаған «Инновациялық технологиялар және ғылыми–жаратылыстану (гуманитарлық)  пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Оспанова Б.Д.

 

Scroll to Top