A+ R A-

sertificate

IROSTrus2


Педагогический поиск №1
(28) март 2019

pedpoisk 1 2019

Архив журнала

Требования к статьям

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Ильясова А.Ш. [Часть 6] Шағын жинақты мектептерде сабақ жоспарлау мен ұйымдастырудың жолдары

Шағын жинақты мектептерде жалпы білім беретін толық кешенді мектептерге қарағанда оқу шарттары ерекше. Сондықтан да ондай мектептерде «үлкен» сабақтың құрамындағы «кіші» сабақтарды дұрыс ұйымдастыру керек, оқушының осындай біріктірілген сыныптардағы сабақтарында алған білімі, тәрбиесі толық мектептегі оқушының біліміне сәйкес болуы керек. Шағын жинақты мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер бар:-сыныптағы оқушылар санының аздығынан мұғалімнің оқытудың түрлі технологиялары мен әдіс-тәсілдерін (топтық оқыту, жұптық, ұжымдық оқыту формалары, т.б.) қолдана алмауы; -ағымдық бақылаудың дұрыс ұйымдастырылмауы, өзіндік жұмысты ұйымдастыру жолдарын білмеуі, интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алмауы, т.б.

Мұндай мектепте бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі: оқу үрдісінің бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылуы. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни, мұғалім бір сыныпқа жаңа материалдарды түсіндіріп жатқан кезде басқа сыныптың оқушылары өз бетінше жұмыс жүргізеді. Бұл, көбінесе орта буын сыныптарына қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт жетіңкіремейді. Бастауыш сыныптарда көбінесе әдебиеттік оқу, математика, дүниетану, қазақ тілі пәндерінде қиындық туғызады. Ендеше күнтізбелік жоспарды аумақты, қайта құруға тура келеді. Сабақ түрлерін өзгерту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға тырысқан жөн. Осыған орай дуэт сабақ, жарыс сабақ түрлерін ұйымдастырған тиімді. Шағын жинақталған мектептерде, бастауыш мектептерде пәндерді кіріктіріп оқыту үшін күнтізбелік жоспарларды кіріктіріп құрған тиімді. Ол үшін сыныптарды біріктіру қажет, мысалы, 1-3,2-4 сыныптарды біріктіріп алып пәндер бойынша кіріктірілген күнтізбелік жоспар негізінде сабақтың жоспарын дайындап, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырған тұлғаны жан-жақты дамыта оқытуға жетелейді.

Күнтізбелік жоспарды кіріктіріп құру үшін бағдарлама, оқулықтар алып, тақырыптар бойынша топтап алған жөн. Мысалы: дүниетану пәнінен ұқсас мазмұнды, бір тақырыпты мәтіндерді кіріктіруге болады. 1-сыныптың тақырыбын сол қалпында қалтырып, 3-сыныптың тақырыптарын көтеруге, орын ауыстыруға болады. Қазақ тілі пәнінен де тақырыпты сабақтарды кіріктіре оқытуға болады. Мысалы: 3-сынып-Етістік, 4-сынып –Дара және күрделі етістік. Жаңартылған бағдарлама бойынша ортақ тақырыптар негізінде сабақ жоспарларын құру қажет. Бір тақырыпты кіріктірілген сабақтарда шағын жинақталған сынып жағдайында мұғаліммен жұмыс, өзіндік жұмыс, ортақ тапсырмалар, т.б. кезектеле ауысып отырады. Сонымен қатар бір тақырыпты кіріктірілген диктант, мазмұндама, шығарма жаздыруға да болады. Мысалы, диктант жаздырмастан бұрын мұғалім 2-сыныпқа соңғы сөйлемнен кейін грамматикалық тапсырмалар беретінін ескерту; тапсырмалар мезгілінде тақтаға алгоритм арқылы беріледі: 2-сынып тапсырмаларды орындап отырады (өзіндік жұмыс), ал мұғалім 4-сыныппен диктантты жалғастыра береді. 4-сыныптың соңғы сөйлемінен кейін олар тапсырмалар орындауға кіріседі. 2-сынып та, 4-сынып тапсырмаларды орындап болған соң, мұғалім мәтінді басынан оқып, 2-4 сынып өздерін тексеріп отырады. Кіріктірілген математика сабағында тақырып есеп шығарумен байланысты. Мұғалім 1-3, екі сыныпқа да тапсырманың шартын ұсынады, есеп құрастыруға ұсынады. 1-сынып мұғалімнің басшылығымен құрастырады, ал 3-сыныпқа өздігінен орындауға, есепті күрделендіру ұсынылады.

Шағын жинақты мектептерде сабақ кестесін құрастыруда 1) бірпәндік, әр пәндік, бір тақырыптық сабақтарды; 2) оқушылардың жас ерекшеліктері мен апта күндерін, яғни оқушылардың ең жоғары деңгейде жұмыс жасай алатын күндерді-сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі; 3) оқушылардың іскерлігіне әсер ететін нәтижелі сабақтарды-екінші және үшінші сабақ, ескеру қажет.

Жаңартылған жəне қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқитын біріктірілген сыныптарға ҰМЖ жəне ОМЖ жасаудағы алғашқы қадам - біріктірілетін сыныптардың ҰМЖ жəне күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды талдау: 1. Сыныптарды бірпəндік біріктіруде біртақырыптық сабақтар белгіленеді, бақылау жұмыстары, сынақ, мүмкіндігінше зертханалық жұмыстардың мерзімдері сəйкестендіріледі. 2. Бағдарлама бойынша оқу материалының мазмұны іріктеліп, біріктірілетін сынып үшін модульдерге бөлінеді. 3. Тақырыптар сəйкес келмеген жағдайда біріктіру бірпəндік болып қала береді жəне оқу процесін ұйымдастыру барысында бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасауға мүмкіндік беретін белсенді педагогикалық тəсілдерді таңдауды қажет етеді. 4. Тақырыптарды іріктеу жəне сəйкестендіру жолымен алынған бейімделген оқу материалының негізінде, оқу мақсаты анықталады жəне жаңартылған жəне қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқитын біріктірілген сыныпқа арналған ҰМЖ жасалады. 5. ҰМЖ негізінде ОМЖ құрылады. ОМЖ білім мазмұнын, оқу мақсаттарын, оқыту нəтижесін жəне мұғалімнің кері байланысын қамтиды. Жаңартылған жəне қолданыстағы бағдарламалар бойынша бір мезгілде біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастырып жəне сабақты жүргізу үшін ОМЖ оқу мақсаттары толықтырылады жəне түзетіледі. ОМЖ бойынша екі сыныптың оқу модульдерін біріктіру кезінде сағат сандарының сəйкестігі салыстырылады жəне бекіту, қайталау, білім алушылардың білімдерін тексеру сабақтарының есебінен қайта қаралады. ОМЖ тақырыбы пəн бойынша оқу бағдарламасының бөліміне сəйкес келуі қажет.

Құрметті әріптестер, ШЖМ оқу үдерісін ұйымдастыруда мәселелі сұрақтар әлі де көп. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ақпаратпен бөлісейік, отандық педагог-ғалымдардың еңбектерімен танысыңыздар, тәжірибе, ұсыныстарыңызбен бөлісіңіздер, пікірлеріңізді де ұмытпаңыздар.

 

Ильясова А.Ш., «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

беру» кафедрасының аға оқытушысы

Scroll to Top