A+ R A-

IROSTrus2


Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Ширажиева А.Б. [Часть 4] Қазақ тілі сабағында интербелсенді технологияларды оқыту

Интербелсенді әдіс

1. Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырманы талқылайды.
2.  Мұғалім-бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі, сұрақтар қояды.
3.   Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді.

4.   Бағалаудың жаңа түрлерінен пайдаланылады.

5.   Жұппен және топпен жұмыс.

Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.


Интербелсенді оқудың әдістері:
• Интербелсенді дәріс пен семинарлар;
• Броундық қозғалыс; 
• Пікірталастар ; 
• Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.); 
• Тренингтер; 
• Оқытудың компьютерлік технологиялары; 
• Жұптасып жұмыс істеу;
• Сұрақтар қоюда ынталандыру(СТО - ға үйрету);
• Шағын топтармен жұмыс;
• Аяқталмаған сөйлем;
• Есептеу ағашы;
• Өз атынан сот;
• Ролдік /іскерлік/ ойын;
• Өз позицияңды ұстан;
• Дискуссия;
• Дебаттар. 

Әдебиет – сөз сабағы, көбінде сөздік әдістер арқылы білім беретін пән. Біз өз технологиямызда оқушылардың дербес ізденісі, жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлеміз. Джон Дьюи «Білім беру бағдарламаларын оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін, барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуын бағыттау керек» деп, алған білімін өмірде қолдана білуге үйретуді негіздеп отыр.
Ал енді осы бағытта, яғни интербелсенді оқытудың теориясындағы жетістікке жетелейтін әдіс-тәсілдер арқылы жүргізілген тәжірибеме тоқталып өтейін: «Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету» деген атауларға негіз болып саналады. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады.

 Диалогтық оқытуда қолданып жүрген тәсілдері: «дискуссия», «дебат», «іскерлік ойын» ашық сұрақ және жабық сұрақ қою, «рөлдік қойылым» т.б. Оқушы өз пікірін дәлелдеу үшін көркем шығарманы, деректерді майда деталь-штрихтарына дейін қалдырмай оқиды.

Қорыта айтқанда, мұғалім жаңаша оқыту тәжірибесін пайдалана отырып, өз білімін өзара байланыстырып ұйымдастыра білсе, әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіре отырып, технологиялар мен ақпараттарды қолданып, икемділік танытса және де еңбекте ынтымақтастықта болып, келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылыққа көренгендік танытса, жетістікке жететіні сөзсіз.

Scroll to Top