A+ R A-

sertificate

IROSTrus2


Педагогический поиск №1
(28) март 2019

pedpoisk 1 2019

Архив журнала

Требования к статьям

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Ширажиева А.Б. [Часть 5] Қазақ тілі сабағында оқытудың белсенді әдістері

Қазіргі таңда техно­логияның дамуы, жаһандану бағыты мен бәсеке білім кеңістігіне барған сайын батыл кірі­гіп, оның ықпалы күшейе беретіні күмәнсіз.

Жоғары білім беру жүйесінің дамуының әлемдік беталыстары білім беру жүйесінде жаңа ортаның ақпараттық, қоғамның пайда болуымен себептеледі.

Қай заманда да өрке­ниеттің өрлеуі интеллек­туалдық, шығармашылық қабілеттің негізінде іске ас­пақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуы үшін өт­кізілетін конференция, се­минар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар – жеке тұлғаларға арналған іс- шаралардың бәрі де ұстаз­дың жаңашыл педагогика­лық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып та­былатын оқыту үрдісін қа­лыптастыруға және шығар­машылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады.

Интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болады. ҚР «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдау­да көпнұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкін­дік береді. Сонымен қатар, білім сапасының алдында шығармашылық бағытта жұ­мыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Осыған орай, біздің ал­дағы мақсатымыз интер­белсенді оқыту техноло- гиясының (ИОТ) бірі ретін­де кейінгі кезде қолданысқа ене бастаған, жобалап оқыту технологиясын дамыту.

Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Білім алушы сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесі­не, рөлдерге, ойын бөлім­деріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Білім алушылар қосымша ақпарат жинайды, оқытушы ақылдасады, ойын барысы және мазмұны тура­лы өзара талқылайды.

Ойынды өткізу. Бұл кезең­де ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған арала­суға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ.

Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Оқы­тушы талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз пози­цияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жа­сайды, таңғалыстарын айта­ды, ойын барысында туын­даған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.

№2 Новоишим орта мек­тебінің мұғалімдері «Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО бой­ынша ПҚ БАИ жаңартылған оқу бағдарламасы бой­ынша курсынан өтіп, 2 жыл жұмыс істейді.

Интербелсенді әдістерді қолдануды Елбасымыз өзі қолдап, қазіргі кезде кең қол­данысқа түскен деңгейлік бағдарламаны игеру арқылы мүмкіндік туғызады. Ол де­геніміз 7 модульді игеру.

Олардың қай-қайсысын қолдансаң да оны іске асыру үшін интербелсен­ді әдістерді қолдану керек. Интербелсенді әдістер түр­лері: «Кластер (топтау)», «Инсерт», «Синектика», «Пи­рамида құру», «Т кестесі», «Бестармақ, бессаусақ», «Синквейн (5 жолды өлең)», «Блум таксономиясы», «Ку­бизм», «Өз таңбаңды жаса», «Бумеранг», Қосжазба күн­делік», Ментальді карта», «SWOT талдау», «ЖИГСО», «Рефлексиялық эссе», «Га­лереяны шарлау», «Мозаика әдісі», «Кейін-дейін», «Төрт сөйлем тәсілі», «Жарнама­лау», «Брейн-ринг», т. б.

Бұл әдістерде оқытудың нәтижелілігі ізденіс, шығар­машылық түріндегі оқушы әрекеттерін жүзеге асырады.

Интербелсенді оқыту барысында оқушылар бел­сенділік танытуға, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, өзге пікірді сыйлауға, онымен санасуға үйренеді және өз әрекеттерінің жемісті екен­дігін сезінеді, ашық, еркін шығармашылық қарым-қа­тынас орната алады.

Шәкірттер білімді дайын күйде бермей, оны іздеуге бағыт-бағдар сілтей отырып білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдейді.

Интербелсенді оқыту бірлескен жұмысқа негізде­летіндіктен оқушылардың креативті ойлау, мобильді шешім қабылдау, өзінің де өзгенің де жұмысын дұрыс бағалай алуына мүмкіндік беріліп, нәтижелі жұмысқа жағдай жасалуы керек. Оны әлбетте мұғалім атқарады.

Оқытуды ұйымдастыру мен оқуға үйрету мұғалім қызметімен байланысты. Мұғалім үйретеді, білімді жеткізеді, оқытуды ұйымдастырады, үйренуге жағдай жасайды. Алайда, қазір­гі оқытуда бала өзі оқиды, білімді ізденеді, үйренеді, қолданады.

Scroll to Top